---
title: "Қазақстан Қорғаныс министрі Қытай Елшісімен кездесті"
description: "Бүгін Астанада Қазақстан Қорғаныс министрі Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Т..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-07-16T04:31:58+00:00"
modified: "2013-07-16T04:31:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-or-anys-ministri-ytay-elshisimen-kezdesti-363497"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-or-anys-ministri-ytay-elshisimen-kezdesti-363497/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Қорғаныс министрі Қытай Елшісімен кездесті

> Бүгін Астанада Қазақстан Қорғаныс министрі Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Т...

**Бүгін Астанада Қазақстан Қорғаныс министрі Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжоу Лимен кездесті.**

![Қазақстан Қорғаныс министрі Қытай Елшісімен кездесті](http://mod.gov.kz/mod-kz/images/stories/16072013/2.jpg)

– Тату көршілік және достық қарым-қатынастық негізіндегі Қазақстан-Қытай арасындағы ынтымақтастықтың жемісті дамуын қанағаттанарлықпен атап өтемін. Екі мемлекет басшылары Қазақстан мен Қытай арасындағы барлық бағыттағы өзара іс-қимылды, оның ішінде әскери-техникалық ынтымақтастық саласын нығайту мен кеңейтуді жалғастыру туралы келісімге келді, – деп атап өтті Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы.

 
 

Қазіргі уақытта екі ел Қорғаныс министрліктері арасындағы ынтымақтастық қол жеткізген әскери-техникалық өзара іс-қимылды, сондай-ақ әскери мамандар даярлау саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырудан тұрады. Бүгінде Қытайда 20 қазақстандық әскери қызметші білім алуда.

 
 

– Қазақстан мен Қытай белсенді саяси диологты қолдайды және әскери саладағы сәтті дамып келе жатқан өзара іс-қимылдары бар. Соңғы үш жылда Қазақстан Қарулы Күштері қарқынды дамып келеді. Оны барлау топтарының «Алтын үкі » халықаралық жарысындағы жеңісі тағы бір дәлелдеді, - деп атап өтті Елші.

 
 

Тараптар ҚХР Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары Фань Чанлунның 18-20 шілдеге Қазақстанға жоспарланған ресми сапары Қазақстан мен Қытайдың әскери саладағы ынтымақтастығының жаңа кезеңінің бастауы болатынына сенім білдірді.

 
 

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі **

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-or-anys-ministri-ytay-elshisimen-kezdesti-363497](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-or-anys-ministri-ytay-elshisimen-kezdesti-363497)