---
title: "Қазақстан Олимпиадаға бір қадам жақындады"
description: "Елордада ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының, ҚР Ұлттық спорттық қауымдастығы ..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2018-06-06T17:13:36+00:00"
modified: "2018-06-08T19:41:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-olimpiada-a-bir-adam-zha-yndady-806666"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-olimpiada-a-bir-adam-zha-yndady-806666/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Олимпиадаға бір қадам жақындады

> Елордада ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының, ҚР Ұлттық спорттық қауымдастығы ...

Елордада ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының, ҚР Ұлттық спорттық қауымдастығы құрметті президенті Қайрат Сатыбалдыұлының ЮНЕСКО-ның дәстүрлі спорт және ойын-сауық комитетінің өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында өзара түсіністік туралы үш жақты меморандумға қол қойылды.

ЮНЕСКО дәстүрлі спорт және ойын-сауық комитетінің төрағасы Халил Ахмед Хан қонақжайлылық үшін қазақстандық әріптестеріне алғысын білдіріп, 2021 жылы Қазақстан ұлттық спорт түрлерінен Олимпиада ойындарын өткізуге барлық мүмкіндіктері бар деп ұлттық спортты дамытуға сәттілік тіледі.

«Сіздер дәстүрлі спорт түрлері тарихи мұраның ажырамас бөлігі екенін білесіздер. Қазақстан ұлттық спортқа үлкен көңіл бөледі. Біз халықтың салт-дәстүріне және Қазақстан тарапының ЮНЕСКО қамқорлығымен алғашқы олимпиадалық ұлттық спорт түрлерін өткізуге деген үлкен ұмтылысын байқаймыз. Менің көзқарасым бойынша, қазақстандық өтінімде жақсы мүмкіндіктер бар. Бірде Греция алғашқы Олимпиада ойындарының туған жері болды, тарихта ерекше орын алды. Сондай-ақ, Қазақстан ЮНЕСКО ойындары алғаш рет өткізілетін ел бола алады. Менің ойымша, бұл ұйымның негізгі мақсаты - мемлекеттердің мәдениетін сақтау және дамытуға көмектесетініне сенемін», - деді Халил Ахмед Хан.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ЮНЕСКО-ға еліміздегі ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше назар аударғаны үшін алғысын білдірді.

Осы жоғары мәртебелі қонақтардың Қазақстанға сапарларының негізгі себептерінің бірі туризм саласындағы ІІ Азия чемпионатының және аударыспақ ойыны бойынша III Азия чемпионатының көрмесі болып табылады. Естеріңізге сала кетейік, чемпионаттар 1-2 маусымда «Казанат» ипподромында өтеді. ЮНЕСКО-ның өкілдері ұлттық спорт жарыстарында ұйымдастырушылардың, насихаттың, жанкүйерлердің қызығушылығымен таныса алады.

Айта кетейік, 2021 жылы ЮНЕСКО бірінші әлемдік этно-спорттық ойындарын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Біздің еліміз осындай ауқымды спорттық шараға үміткер болып табылатын төрт ел қатарына кіреді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-olimpiada-a-bir-adam-zha-yndady-806666](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-olimpiada-a-bir-adam-zha-yndady-806666)