---
title: "Қазақстан қоғамы кезекті ресейлік әншінің елге келуіне наразы"
description: "Еліміздегі қоғам белсенділері ресейлік әнші Владимир Пресняковтың бір айдан аса уақыттан кейін..."
author: "jan.123"
published: "2024-02-04T08:20:40+00:00"
modified: "2024-02-04T08:20:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-o-amy-kezekti-reseylik-nshini-elge-keluine-narazy-1000656"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-o-amy-kezekti-reseylik-nshini-elge-keluine-narazy-1000656/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан қоғамы кезекті ресейлік әншінің елге келуіне наразы

> Еліміздегі қоғам белсенділері ресейлік әнші Владимир Пресняковтың бір айдан аса уақыттан кейін...

Еліміздегі қоғам белсенділері ресейлік әнші Владимир Пресняковтың бір айдан аса уақыттан кейін Астана мен Алматыда өтеді деп жоспарланған концерттерін болдырмауды талап етіп отыр.

![Қазақстан қоғамы кезекті ресейлік әншінің елге келуіне наразы](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/4ea81c1167001f5d51fb18f9f1ef6a.jpg)

Пресняковтың Қазақстандағы концерттері 15 наурыз (Астана) бен 16 наурызға (Алматы) белгіленген. Билет құны 15 мыңнан 60 мың теңгеге дейін. Пресняковтың Қазақстандағы концерттері 15 наурыз (Астана) бен 16 наурызға (Алматы) белгіленген. Билет құны 15 мыңнан 60 мың теңгеге дейін.

Бағасын қоя беріңіз, бұл наразылық әншінің ұстанымына байланысты болып тұр. Яғни ол 2022 жылы Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдаған. Тіпті Пресняковтың соғысқа көмек ретінде ақша беріп тұратыны да жазылды.

Айта кетейік, Қазақстан қоғамы өткен жылы соғысқа қолдау көрсетіп жүрген ресейлік өнер иелері Григорий Лепстің, Татьяна Навкидің және “Камызяки” КВН командасының еліміздегі концерттерін осындай наразылық білдіру арқылы өткізбей қойды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-o-amy-kezekti-reseylik-nshini-elge-keluine-narazy-1000656](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-o-amy-kezekti-reseylik-nshini-elge-keluine-narazy-1000656)