---
title: "Қазақстан мен Қытай Қорғаныс министрлері екіжақты ынтымақтастықты талқылады"
description: "Тәжікстанда Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлері Кеңесі шеңберінде Қаз..."
author: "minoboronyRK"
published: "2014-03-31T22:53:21+00:00"
modified: "2014-03-31T22:53:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-men-ytay-or-anys-ministrleri-ekizha-ty-yntyma-tasty-ty-tal-ylady-407646"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-men-ytay-or-anys-ministrleri-ekizha-ty-yntyma-tasty-ty-tal-ylady-407646/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан мен Қытай Қорғаныс министрлері екіжақты ынтымақтастықты талқылады

> Тәжікстанда Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлері Кеңесі шеңберінде Қаз...

Тәжікстанда Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлері Кеңесі шеңберінде Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Әділбек Жақсыбеков Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Чан Ваньцюанмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар қазақ-қытай әскери және әскери-техникалық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Қытай Қорғаныс министрлігі ағымдағы жылы Қазақстанда өтетін екі үлкен іс-шара «Алтын үкі» мергендер жұбы жарысы мен «KADEX-2014» үшінші халықаралық көрмесіне қатысатынын растады.

Әділбек Жақсыбеков пен Чан Ваньцюань тату көршілік және достық қарым-қатынастық негізде құрылған Қазақстан-Қытай өзара тиімді ынтымақтастығының жемісті дамуына сенім білдірді.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-men-ytay-or-anys-ministrleri-ekizha-ty-yntyma-tasty-ty-tal-ylady-407646](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-men-ytay-or-anys-ministrleri-ekizha-ty-yntyma-tasty-ty-tal-ylady-407646)