---
title: "Қазақстан мен Қырғызстан арасында қандай құжаттарға..."
description: "Бүгін Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров шағын құрамда келіссөз жүргізіп, екі елдің Жоғары мемлекетаралық кеңесінің алтыншы отырысына қатысты. Осы келіссөз бен отырыстың қорытындысы бойынша..."
author: "jan.123"
published: "2024-04-19T10:43:40+00:00"
modified: "2024-04-19T10:43:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-men-yr-yzstan-arasynda-anday-zhattar-a-ol-oyyldy-1003707"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-men-yr-yzstan-arasynda-anday-zhattar-a-ol-oyyldy-1003707/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан мен Қырғызстан арасында қандай құжаттарға...

> Бүгін Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров шағын құрамда келіссөз жүргізіп, екі елдің Жоғары мемлекетаралық кеңесінің алтыншы отырысына қатысты. Осы келіссөз бен отырыстың қорытындысы бойынша...

*Бүгін Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров шағын құрамда келіссөз жүргізіп, екі елдің Жоғары мемлекетаралық кеңесінің алтыншы отырысына қатысты. *

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/0998eba24d9937ec06e2db71bc1ac4.jpg)

Осы келіссөз бен отырыстың қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды: 1.Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шарт; 2. Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының Жоғары мемлекетаралық кеңесінің алтыншы отырысының шешімі; 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім; 4. 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама; 5. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Жеке деректерді қорғау жөніндегі мемлекеттік агенттігі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум; 6. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Мемлекеттік сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі арасындағы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум; 7. Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасында автомобиль өткізу пункттерін дамыту жөніндегі 2024-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (Жол картасы). [t.me/aqorda_resmi](https://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-men-yr-yzstan-arasynda-anday-zhattar-a-ol-oyyldy-1003707](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-men-yr-yzstan-arasynda-anday-zhattar-a-ol-oyyldy-1003707)