---
title: "«Қазақстан» мен «KAZспорт» телеарналары Ирландия-Қазақстан матчын көрсетеді"
description: "«Қазақстан» мен «KAZспорт» телеарналары Ирландия мен Қазақстан арасындағы 2014 жылғы Әлем чемпиона..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-10-11T00:06:07+00:00"
modified: "2013-10-11T00:06:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-men-kazsport-telearnalary-irlandiya-aza-stan-matchyn-k-rsetedi-378742"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-men-kazsport-telearnalary-irlandiya-aza-stan-matchyn-k-rsetedi-378742/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақстан» мен «KAZспорт» телеарналары Ирландия-Қазақстан матчын көрсетеді

> «Қазақстан» мен «KAZспорт» телеарналары Ирландия мен Қазақстан арасындағы 2014 жылғы Әлем чемпиона...

[!\[«Қазақстан» мен «KAZспорт» телеарналары Ирландия-Қазақстан матчын көрсетеді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/10/20131010191931-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/10/20131010191931.jpg)

«Қазақстан» мен «KAZспорт» телеарналары Ирландия мен Қазақстан арасындағы 2014 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу матчын тікелей эфирде көрсетеді.

Бұл туралы республикалық спорттық[«Sports.kz»](http://sports.kz/news/irlandiya-kazahstan-pryamaya-translyatsiya-na-telekanalah-kazsport-i-kazahstan) интернет-порталына «KAZспорт» телеарнасының директоры Диас Ахметшәріп хабарлады.

- Қазақстан құрамасының Ирландия құрамасымен қонақтағы матчы 15 қазанда өтеді, Астана уақытымен 00:45-те «Қазақстан» және «KAZспорт» біздің құраманың сырт алаңдағы жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді. Біз бұл ойынға құқықты сатып алдық және оны біздің жанкүйерлерімізге көрсетеміз,- деді Д.Ахметшәріп.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-men-kazsport-telearnalary-irlandiya-aza-stan-matchyn-k-rsetedi-378742](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-men-kazsport-telearnalary-irlandiya-aza-stan-matchyn-k-rsetedi-378742)