---
title: "Қазақстан мен Иран әскери-теңіз ынтымақтастығын нығайтуда"
description: "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-11-07T00:09:30+00:00"
modified: "2013-11-07T00:09:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-men-iran-skeri-te-iz-yntyma-tasty-yn-ny-aytuda-383843"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-men-iran-skeri-te-iz-yntyma-tasty-yn-ny-aytuda-383843/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан мен Иран әскери-теңіз ынтымақтастығын нығайтуда

> Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек...

**

![Қазақстан мен Иран әскери-теңіз ынтымақтастығын нығайтуда](http://www.mod.gov.kz/mod-kz/images/stories/07112013/1.jpg)

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов бастаған қазақстандық делегация Иран Ислам республикасында болды.**

Сапар аясында Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы бірқатар кездесулер өткізді, онда әскери-теңіз саласындағы қазақстан-иран ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланды.

Қазақстандық тарап осы өңірде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жөніндегі тату көршілік қарым-қатынасты нығайту мақсатында Каспий маңы мемлекеттерімен ынтымақтастық жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ жұмыс сапарының барасында Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Иранның оқу-жаттығу орталықтарына – Әскери-теңіз базасына және Хомейни атындағы Әскери-теңіз институтына барып, онда ирандық әріптестердің соңғы жетістіктерімен және жаңа технологиялармен танысты.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-men-iran-skeri-te-iz-yntyma-tasty-yn-ny-aytuda-383843](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-men-iran-skeri-te-iz-yntyma-tasty-yn-ny-aytuda-383843)