---
title: "«Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Келін» телехикаясы аяқталды"
description: "Бүгін 22:40-та «Жүрегім сізге аманат» атты жаңа телехикая көрерменге жол тартты. «Қазақстан» Ұлттық ..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-08-05T10:54:40+00:00"
modified: "2015-08-05T10:54:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-ltty-telearnasynda-y-kelin-telehikayasy-aya-taldy-527194"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-ltty-telearnasynda-y-kelin-telehikayasy-aya-taldy-527194/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Келін» телехикаясы аяқталды

> Бүгін 22:40-та «Жүрегім сізге аманат» атты жаңа телехикая көрерменге жол тартты. «Қазақстан» Ұлттық ...

Бүгін 22:40-та «Жүрегім сізге аманат» атты жаңа телехикая көрерменге жол тартты.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Келін» үнді көркем фильмін көрсетуді аяқтады. 4 тамызда эфирде телетуындының қорытынды бөлімі көрсетілді.

![«Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Келін» телехикаясы аяқталды](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/70cUC50afY71G3D0B2K8T55z1nBY1K.png)

Мың жарымға тарта бөлімі бар «Келін» телехикаясы мыңдаған көрерменнің көңілін баураған еді. 2014 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның арнайы шақыруымен Астанаға «Келіндегі» басты кейіпкер Анандидің бала кезін сомдаған актриса Авика Гор биыл елімізге туындыда Шивтің рөліндегі актер – Сиддхарт Шукла келді.

Ал, «Келіннің» орнына бүгін «Жүрегім сізге аманат» атты жаңа телехикая көрерменге жол тартпақ. Фильм отбасылық құндылықтарды насихаттайды.

![«Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Келін» телехикаясы аяқталды](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/TzDA11GZMFh7g5lNJ7kC9nT5YShETx.jpg)

2012 жылы Филиппинде көрсетіле бастаған телехикаяның рейтингі өте жоғары болған. Туынды азиялық фестивальдер мен конкурстарда оннан аса марапатқа ие болған.

![«Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Келін» телехикаясы аяқталды](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/1kyp2SkuVI55562ewC9W4LqNVmI4Uy.jpg)

Телехикая сюжеті бойынша, қарапайым тұрмыс кешіп жүрген әпкелі-сіңлілі Майя мен Кристина Сан-Николас қаласында гид болып жұмыс істейді. Ақша жетіспеген соң Мая отбасын таршылықтан құтқармақ болып шетелге жұмыс істеуге аттанады.

![«Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Келін» телехикаясы аяқталды](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/B6k7B6NYvAiC7TQOFwT6CB7lj6zL6i.jpg)

Бойжеткен өзін жұмысқа шақырған әйелдің алдап соққанын Манилаға келген соң бірақ біледі. Жат қалада ақшасыз, үйсіз қалған қыздың ендігі үміті – әуежол қызметіне ықпалы бар Ричард атты бай.

Ол қыздың көңілін қайтармай көмектесетінін, бірақ, бала күтуші болып жұмыс істеуіне тура келетінін айтады. Әйелі қайтыс болған соң үш баласымен қалған Ричардтың үйі құлазып қалғандай еді. Мейірімді қыздың бұл үйге келуі оларға қуаныш сыйлайды.

Бүгіннен бастап дүйсенбі-жұма аралығында сағат 22:40-та «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Жүрегім сізге аманат» телехикаясын тамашалай аласыздар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-ltty-telearnasynda-y-kelin-telehikayasy-aya-taldy-527194](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-ltty-telearnasynda-y-kelin-telehikayasy-aya-taldy-527194)