---
title: "«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Онлайн дауыс» байқауының 2-ші кезеңі басталды"
description: "12-15 қараша аралығына байқаудың дауыс беру кезеңі өтеді. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында 30 қазан..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-11-12T02:44:25+00:00"
modified: "2015-11-12T02:44:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-ltty-telearnasynda-onlayn-dauys-bay-auyny-2-shi-keze-i-bastaldy-637117"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-ltty-telearnasynda-onlayn-dauys-bay-auyny-2-shi-keze-i-bastaldy-637117/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Онлайн дауыс» байқауының 2-ші кезеңі басталды

> 12-15 қараша аралығына байқаудың дауыс беру кезеңі өтеді. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында 30 қазан...

12-15 қараша аралығына байқаудың дауыс беру кезеңі өтеді.

![«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Онлайн дауыс» байқауының 2-ші кезеңі басталды](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/cGKw7jg3jh0IN8JcrS573py1ZAqJ0L.jpg)

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында 30 қазан мен 11 қараша аралығында «Онлайн дауыс» байқауының 1-ші кезеңі өтті. Оның қорытындысы бойынша 35 үміткер іріктелді.

Енді 12-15 қараша аралығына байқаудың дауыс беру кезеңі өтеді. Үміткерлерді қолдау үшін[onlinedauys.kaztrk.kz](http://onlinedauys.kaztrk.kz/voice.php?enter=voice&id=7) сайтында дауыс беруге болады.

Байқау жеңімпазы 17 қарашада анықталады. «Онлайн дауыс» байқауының жеңімпазы бағалы сыйлықтармен марапатталып, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы өзі таңдаған бағдарламаға қонақ ретінде қатысады.

 

Бағыңды сына! Онлайн бол!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-ltty-telearnasynda-onlayn-dauys-bay-auyny-2-shi-keze-i-bastaldy-637117](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-ltty-telearnasynda-onlayn-dauys-bay-auyny-2-shi-keze-i-bastaldy-637117)