---
title: "«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «Балапан» және «KAZsport» телеарналарының хабарлары уақытша тоқтатылады"
description: "20 шілде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін және 21 шілде күні сағат 15:00-16:00 аралығында «Қазақстан»..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-07-10T07:13:00+00:00"
modified: "2015-08-05T07:15:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-ltty-telearnasy-balapan-zh-ne-kazsport-telearnalaryny-habarlary-ua-ytsha-to-tatylady-523312"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-ltty-telearnasy-balapan-zh-ne-kazsport-telearnalaryny-habarlary-ua-ytsha-to-tatylady-523312/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «Балапан» және «KAZsport» телеарналарының хабарлары уақытша тоқтатылады

> 20 шілде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін және 21 шілде күні сағат 15:00-16:00 аралығында «Қазақстан»...

![«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «Балапан» және «KAZsport» телеарналарының хабарлары уақытша тоқтатылады](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/3XOu27mcr7MC6PxX5JPMH82RfVa0j7.jpg)

20 шілде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін және 21 шілде күні сағат 15:00-16:00 аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ мен «Қазтелерадио» АҚ-да тоқсандық жоспарлы-тәжірибелік жұмыстардың жүргізілуіне байланысты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «Балапан» және «KAZsport» телеарналарының хабарлары уақытша тоқтатылады. Нақтырақ айтқанда, 20 шілде сағат 03:00-17:00 аралығында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «Балапан» және «KAZsport» телеарналарының хабарлары уақытша көрсетілмейді. 21 шілде күні сағат 14:00-16:00 аралығында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының аналогтық хабар тарату бағдарламасында бақылау жұмыстары жүргізіледі. Ал, «Отау ТВ» желісіндегі «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының хабарлары 14:00-16:00 аралығында күнделікті кесте бойынша тарайды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-ltty-telearnasy-balapan-zh-ne-kazsport-telearnalaryny-habarlary-ua-ytsha-to-tatylady-523312](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-ltty-telearnasy-balapan-zh-ne-kazsport-telearnalaryny-habarlary-ua-ytsha-to-tatylady-523312)