---
title: "«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Қайрат»-«Астана» матчын тікелей эфирде көрсетеді"
description: "Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының орталық ойынын бүгін сағат 17:50-де Ұлттық арнадан тікелей эфи..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-10-24T23:18:21+00:00"
modified: "2015-10-24T23:18:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-ltty-telearnasy-ayrat-astana-matchyn-tikeley-efirde-k-rsetedi-603304"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-ltty-telearnasy-ayrat-astana-matchyn-tikeley-efirde-k-rsetedi-603304/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Қайрат»-«Астана» матчын тікелей эфирде көрсетеді

> Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының орталық ойынын бүгін сағат 17:50-де Ұлттық арнадан тікелей эфи...

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының орталық ойынын бүгін сағат 17:50-де Ұлттық арнадан тікелей эфирде көріңіз.

![«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Қайрат»-«Астана» матчын тікелей эфирде көрсетеді](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/ctz3L9T3B3E9MUjDBzfI3nSMCsJMW9.jpg)

25 қазанда футболдан Премьер Лиганың 30-шы туры аясында Алматыдағы «Орталық стадионда» жергілікті «Қайрат» пен елордалық «Астана» клубтары кездеседі.

Кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 17:50-де тікелей эфирде көрсетеді.

Қазіргі кезде «Қайрат» 39 ұпаймен чемпионатта көш бастап тұр. Ал, 34 ұпайы бар «Астана» 2-ші орында келеді. Алайда, астаналық команда біріншілікте бір ойынға кем ойнаған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-ltty-telearnasy-ayrat-astana-matchyn-tikeley-efirde-k-rsetedi-603304](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-ltty-telearnasy-ayrat-astana-matchyn-tikeley-efirde-k-rsetedi-603304)