---
title: "Қазақстан-Италия: қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайту"
description: "Бүгін Астанада Қазақстан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков пен Қазақстан Республикасында алғашқы ..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-02-19T00:42:14+00:00"
modified: "2013-02-20T03:13:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-italiya-or-anys-salasynda-y-yntyma-tasty-ty-ny-aytu-337315"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-italiya-or-anys-salasynda-y-yntyma-tasty-ty-ny-aytu-337315/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан-Италия: қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайту

> Бүгін Астанада Қазақстан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков пен Қазақстан Республикасында алғашқы ...

![Қазақстан-Италия: қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайту](http://www.mod.gov.kz/mod-ru/images/stories/190213_3/11.jpg)

Бүгін Астанада Қазақстан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков пен Қазақстан Республикасында алғашқы ресми сапармен жүрген Италия қорғаныс ведомствосының басшысы адмирал Джампаола Ди Паоланың кездесуі болып өтті.

Келіссөздер барысында Әділбек Жақсыбеков: «Біздің елдер арасындағы екі жақты диолог тек экономикалық тұрғыда ғана емес, саяси салада да әріптестік пен өзара тиімді мүдделестік сипатында ерекшеленіп отыр. Бұл Қазақстан мен Италия басшылығы арасындағы сенімді және достық қарым-қатынастардың жемісі, – деп атап өтті. Бүгінгі кездесуде тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы әскери ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін, оның ішінде қорғаныс өнеркәсібі саласын өркендету, әскери техниканың жаңа үлгілерін, бақылау және байланыс жүйелерін сатып алу, құрлық әскерлерінің бірлескен өзара іс-қимылдары мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Италия қорғаныс ведомстоволарының басшылары Орталық Азияда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде Ауғанстанның қазіргі және болашақтағы ахуалының даму мәселелері туралы пікір алмасты.

Қазақстан қажетті құқықтық процедураларды жүргізіп болған соң Италияға Ауғанстандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жөніндегі халықаралық күштердің операциялары шеңберінде әскери мүлік пен персоналдың транзинті үшін өз аумағын ұсынатын болады. БҰҰ және НАТО шеңберінде Қауіпсіздікке жәрдем етуші халықаралық күштер құрамында Ауғанстанды тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылдарға Италия Қарулы Күштерінің қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз етуді реттейтін Келісімге екі ел Қорғаныс министрлері бүгін қол қойды. Келісім Италия Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен техникасын коалициялық күштер құрамында теміржол және әуе қатынастары арқылы тасымалдауды қарастырады.

Қазақстан бұған дейін де осыған ұқсас келісімдерді АҚШ, Германия, Испания, Ұлыбритания, Франция мемлекеттерімен, сондай-ақ Солтүстік Атлантикалық альянспен де жасасқан болатын.

**ҚР Қорғаныс министрлігінің**

**Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-italiya-or-anys-salasynda-y-yntyma-tasty-ty-ny-aytu-337315](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-italiya-or-anys-salasynda-y-yntyma-tasty-ty-ny-aytu-337315)