---
title: "Қазақстан ірі планмен — 2013"
description: "Сорос-Қазақстан қоры (СҚҚ) кәсіби және әуесқой фотографтар арасында «Қазақстан ірі планмен - 2013» р..."
author: "aica_kz"
published: "2013-10-08T03:50:16+00:00"
modified: "2013-10-08T03:50:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-iri-planmen-2013-378162"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-iri-planmen-2013-378162/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан ірі планмен — 2013

> Сорос-Қазақстан қоры (СҚҚ) кәсіби және әуесқой фотографтар арасында «Қазақстан ірі планмен - 2013» р...

Сорос-Қазақстан қоры (СҚҚ) кәсіби және әуесқой фотографтар арасында «Қазақстан

ірі планмен - 2013» республикалық байқауын жариялайды.

Байқау мақсаты: Байқау қатысушыларына сурет арқылы бүгінгі Қазақстан туралы өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру .

Байқау шарттары: Ұсынылған суреттер нақты жағдайларды көрсету, нақты мәселелерді ашу және таңдап алынған тақырыпқа тың, авторлық көзқарасын білдіру керек. Тақырыптар : 1. Адам құқықтары ( азаматтық-саяси құқықтар, менталды ауруы бар адамдардың құқықтары, инклюзивтік білім беру ) 2. БАҚ және ақпарат бостандығы ( БАҚ-тың қоғамдық пікірге әсер етуі, ақпараттық қоғам, БАҚ және ақпараттық технологиялар ) 3. Азаматтық белсенділік ( жастар бастамалары мен қазақстандық жастардың түрлілігі, азаматтық білім беру, пікірлесу алаңдары, әлеуметтік өнер, қоғамның игілігі үшін жаңа технологиялар, теңдік, толеранттылық ) 4. Қоғамның олардың мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдауға қатысуы ( бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті басқару, қоғамдық тыңдаулар мен жиналыстар және т.б. ) 5. Қоғамдық диалог.

Қатысушыларға келесі қадамдарды жасау керек :

1-қадам : Таңдап алған тақырып бойынша баспа және цифрлық бейне сапаларына жауап беретін 5 (бес) авторлық суреттен тұратын портфолиясын дайындау. Графикалық редакторлар арқылы өңделген суреттер қарастырылмайды. Файл форматы: JPEG немесе TIFF Түсі бойынша үлгі: RGB Көлемі (разрешение) : 3000*2000 пиксель

2-қадам : Хатқа тіркелген сұраным үлгісін толтырып, суреттермен қатар жіберу

3-қадам : 2013 жылғы 20 қазанға дейін суреттер мен толтырылған үлгіні (2-қадам) soroscompetition@gmail.com электрондық мекенжайға немесе пошта (CD-да) арқылы төмендегі мекенжайға жіберіңіздер:

050000 Алматы қ. Желто қ сан көш. , 111а, 9 -кеңсе « Фотобайқауға » деген белгімен

Ескерту : Суретпен қатар толтырылған кестені қатар жібермеген үміткерлердің жұмыстары қарастырылмайды .

Жеңімпаздар СҚҚ-ның Сарапшылар комитеті мүшелерінің санынан құралған арнайы қазылармен анықталатын болады.

Суреттерді іріктеу талаптары ∙ Орындау сапасы ∙ Композициясы ∙ Авторлық ұстанымы

Жүлделік қор Әр номинация жеңімпаздары ақшалай сыйлықтарымен марапатталады. Бірінші орын – 60 000 теңге Екінші орын – 45 000 теңге Үшінші орын – 30 000 теңге

Қосымша ынталандыру сыйлықтары қарастырылуы мүмкін.

Фотобайқаудың қорытындысы 2013 жылғы 4 қарашада жариялатын болады.

Марапатталған фотожұмыстардың авторлары суреттерді СҚҚ-ның қызметінде пайдалануға жай авторлық құқық беруге дайын болуы керек. Жеңімпаздардың суреттері СҚҚ-ның дайындап жатқан галереясына еніп, Қор басылымдарында пайдаланылатын болады.

Қосымша ақпарат Сұрақтар пайда болған жағдайда Қордың қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Әйнел Қайназароваға келесі байланыс құралдары арқылы хабарласуларыңызға болады: akainazarova@soros.kz, тел: 8 (727) 258 13 54 (і/н 104), ұялы тел: 8 777 244 77 63.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-iri-planmen-2013-378162](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-iri-planmen-2013-378162)