---
title: "Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңіспен бастады"
description: "Чехияның Прага және Острава қалаларында бастау алған хоккейден әлем чемпионатының бүгін екінші күні. Осы күні Қазақстан мен Франция құрамалары арасында матч өтіп, біздің хоккейшілер 3:1 есебімен жеңіске жетті. Қарсыластарымыз 2-минутта-ақ..."
author: "jan.123"
published: "2024-05-11T13:20:31+00:00"
modified: "2024-05-11T13:38:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-hokkeyden-lem-chempionatyn-zhe-ispen-bastady-1004493"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-hokkeyden-lem-chempionatyn-zhe-ispen-bastady-1004493/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңіспен бастады

> Чехияның Прага және Острава қалаларында бастау алған хоккейден әлем чемпионатының бүгін екінші күні. Осы күні Қазақстан мен Франция құрамалары арасында матч өтіп, біздің хоккейшілер 3:1 есебімен жеңіске жетті. Қарсыластарымыз 2-минутта-ақ...

*Чехияның Прага және Острава қалаларында бастау алған хоккейден әлем чемпионатының бүгін екінші күні. Осы күні Қазақстан мен Франция құрамалары арасында матч өтіп, біздің хоккейшілер 3:1 есебімен жеңіске жетті.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/12bf9236c1d22dfad66804cd49432a.jpg)

Қарсыластарымыз 2-минутта-ақ есеп ашып үлгерді. Шайба соққан – Энцо Кантагалло. Бірақ содан кейінгі 1 минутта біздікілер де есеп теңестірді. Бұл үшін Роман Старченкоға рахмет айту керек.

8-минутта Максим Мұхаметов гол соғып, алға шықтық. Одан кейін командаларға сәл үзіліс берілді.

Екінші кезеңде қазақстандық хоккейші Кирилл Савицкий үшінші шайбаны салды.

Ал үшінші кезеңде 3:1 есебі сол күйі өзгермеді. Осылайша, Қазақстан хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/d4f50ee5a99fd3923e5550a2adaf11.jpg)

Ертең (сағат 15:20) Қазақстан Словакиямен ойнайды.

Біздің хоккейшілердің одан кейінгі ойын кестесі мынадай:

14 мамыр, 19:20

Қазақстан - Латвия

16 мамыр, 19:20

Қазақстан - Швеция

17 мамыр, 19:20 Германия - Қазақстан

19 мамыр, 19:20

АҚШ - Қазақстан

20 мамыр, 23:20

Қазақстан - Польша

Айта кетейік, [7 мамырдағы жолдастық кездесуде Қазақстан Ұлыбританияны 5:2 есебімен жеңген](https://yvision.kz/kk/post/ar-y-k-ni-hokkeyden-lem-chempionaty-bastalady-1004389) болатын.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-hokkeyden-lem-chempionatyn-zhe-ispen-bastady-1004493](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-hokkeyden-lem-chempionatyn-zhe-ispen-bastady-1004493)