---
title: "Қазақстан халқының Ассамблеясына 20 жыл!"
description: "2015 жылдың 6 ақпанында Жамбыл облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен ҚР Мемлекет..."
author: "anticorruption_tz"
published: "2015-02-06T22:39:03+00:00"
modified: "2015-02-06T22:39:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-hal-yny-assambleyasyna-20-zhyl-467695"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-hal-yny-assambleyasyna-20-zhyl-467695/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан халқының Ассамблеясына 20 жыл!

> 2015 жылдың 6 ақпанында Жамбыл облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен ҚР Мемлекет...

2015 жылдың 6 ақпанында Жамбыл облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі Департаментінің ұжымы мерекелік кездесу өткізді.Ассамблеяның облыстық хатшылығының хатшысы Лариса Лысова өз сөзінде, ұлт татулығы мен бірлігінің мызғымастығы баршы қазақ халқының бауырмалығының жарқын көрінісі екендігін айтып, бүгінде 140-тан астам ұлт пен ұлысты бір шаңырақтың астына топтастырып отырған ортақ мекен өзге мемлекеттердің қызыға да қызғана қарайтын мемлекетке айналып отырғандығы баса айтты. Сонымен қатар, кездесу барысында «Барбанг» күрді этномәдени орталығының төрағасы Латиф Айдаров, «Әулие ата» қазақ этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Айгүл Кабиева, «Ай нуры» татар-башқұрт этномәдени орталығының төрағасы Амир Халимов та сөз сөйледі. Келген қонақтарды жаңадан құрылған Департаменттің негізгі жұмыс барысымен таныстыру мақсатында бөлім басшысы Н.Еркебаев қызметтің басым бағыттарына тоқталып өтті. Өз кезегінде Л.Лысова қоғамды жемқорлықтан арылту мақсатында алдағы уақытта екі жақты бірлескен жұмыстар жүргізуді ұсынды.

![Қазақстан халқының Ассамблеясына 20 жыл!](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruption_tz/t6MEWg1p0Xf4XyGi2Je4wiG11aKdZz.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-hal-yny-assambleyasyna-20-zhyl-467695](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-hal-yny-assambleyasyna-20-zhyl-467695)