---
title: "Қазақстан халқы Ассамблеясы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын қолдайды"
description: "Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы Қазақстан халқы ассамблеясы, «Қоғамдық жоба» ҚБ-мен бірлесе оты..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2015-12-13T04:01:52+00:00"
modified: "2015-12-13T04:01:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-hal-y-assambleyasy-100-na-ty-adam-lt-zhosparyn-oldaydy-667811"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-hal-y-assambleyasy-100-na-ty-adam-lt-zhosparyn-oldaydy-667811/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан халқы Ассамблеясы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын қолдайды

> Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы Қазақстан халқы ассамблеясы, «Қоғамдық жоба» ҚБ-мен бірлесе оты...

Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы Қазақстан халқы ассамблеясы, «Қоғамдық жоба» ҚБ-мен бірлесе отырып, этникалық бірлестіктер өкілдері, мемлекеттік органдар басшылары, жеке ұйымдар, ҮЕҰ және БАҚ-тың қатысуымен Достық үйінде **Қазақстанның серпінді дамуының шешуші факторы ретінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспары»** тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаларын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспары Қазақстанның қарқынды және ұзақ мерзімді даму, еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз етуге қабілетті, қазақстандықтар үшін әлемдік дағдарыстың теріс әсерін және салдарын барынша азайту, әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына Қазақстанның ілгерілеуі үшін қажетті жағдайлар жасау, мемлекеттің тұрақты және табысты дамуына кепілдік беру бағдарламасы болып табылатындығын атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы институционалдық реформасын түсіндірді.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Саттар Мажитов; Қазақстан халқы Ассамблеясы секретариатының басшысы Маргарита Абдалиева; Алматы қаласы ішкі саясат Басқармасы басшысының м.а. Айдар Есенбеков; Қазақстан күрттерінің «Барбанг» Ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Князь Мирзоев; «Петролеум» журналының бас редакторы, «Алматы қаласы Поляк мәдениет орталығы» ҚБ-нің басшысы Олег Червинский; Биология ғылымдарының кандидаты, доцент, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының сараптама тобының мүшесі Сеит Бабалиев және жұртшылықты жастардың дамуына үлкен көңіл бөлуге шақырған «Жарасым» Республикалық жастар ұйымының төрағасы Расул Ахметов өз баяндамаларын оқыды.

Конференцияның қорытындысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру тетігі бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

![Қазақстан халқы Ассамблеясы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын қолдайды](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/vjws54t2H181WyJ8HlIyca8xQg4gpx.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-hal-y-assambleyasy-100-na-ty-adam-lt-zhosparyn-oldaydy-667811](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-hal-y-assambleyasy-100-na-ty-adam-lt-zhosparyn-oldaydy-667811)