---
title: "Қазақстан ДСҰ-ға кіруде ауыл шаруашылығы өнімінің 8,5 пайыз жалпы құнын сақтап қалды – Айтжанова"
description: "Біздің келіссөздер бойынша нәтижеміз – Қазақстанның ДСҰ-ға кіруде ауыл шаруашылығы өнімінің 8,5 жалп..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-07-01T03:22:00+00:00"
modified: "2015-07-31T03:24:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-ds-a-kirude-auyl-sharuashyly-y-nimini-8-5-payyz-zhalpy-nyn-sa-tap-aldy-aytzhanova-523878"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-ds-a-kirude-auyl-sharuashyly-y-nimini-8-5-payyz-zhalpy-nyn-sa-tap-aldy-aytzhanova-523878/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан ДСҰ-ға кіруде ауыл шаруашылығы өнімінің 8,5 пайыз жалпы құнын сақтап қалды – Айтжанова

> Біздің келіссөздер бойынша нәтижеміз – Қазақстанның ДСҰ-ға кіруде ауыл шаруашылығы өнімінің 8,5 жалп...

Біздің келіссөздер бойынша нәтижеміз – Қазақстанның ДСҰ-ға кіруде ауыл шаруашылығы өнімінің 8,5 жалпы құнын сақтап қалуында, деді Экономикалық интеграция жөніндегі министр Жанар Айтжанова.

«Біздің келіссөз жүргізу үрдісінде біз аса назарды ауыл шаруашылығына аудардық ,себебі біздің елде 40 пайыз халық ауыл шаруашылығымен айналысып отыр. Сондықтан, келіссөздер ауыл шаруашылығын субсидиялау көлеміне әсер етіп, өнімінің өз бағасын сақтап қалу үшін бар күшті салуда. Инфрақұрылымға қолдау көрсету, ауыл шаруашылығы саласын зерттеу шаралары ДСұ құрамында да жүзеге асырыла береді. ДСҰ мүшелерінің бюджеттік қаржысына ешбір әсер болмайды», - деді ол.

Сары қоржынға байланысты, министр атап өткендей, өткізілген келіссөздер өте күрделі болды. Қазақстаның ДСұ-ға енуі өте күрделі үрдіс болғаннан кейін келіссөздер де ұзақ уақыт жүргізілді. «Бұл біздің келіссөдердің нәтижесі - Қазақстанның ДСҰ-ға кіруде ауыл шаруашылығы өнімінің 8,5 жалпы құнын сақтап қалуында. Айта кетерлігі, ДСҰ құрамына енуде мұндай мақсатқа Қытай мен Қазақстан ие болды. Қытай ДСҰ-ға 2001 жылы енген болатын», - деді ол.

«Өздеріңізге белгілі, 22 маусым күні Женевада Қазақстанның ДСҰ-ға енуі бойынша соңғы отырыс болды. Сол кезде келіссөздердің аяқталуы туралы ресми мәлімдеме жасалды. Бұл келіссөз ұзаққа созылғанын білесіздер. Біздің ірі серіктестеріміздің және ДСҰ хатшылығының пікірінше, бұл келіссөздер ДСҰ құрылғалы, яғни 1995 жылдан бергі ең күрделі келіссөздер болып есептеледі», - деді Ж.Айтжанова.

Министрдің айтуынша, Қазақстан бір мезетте Кедендік одақ құрамында болып, 2015 жылдың 1 қаңтарынан Еуропалық экономикалық одаққа кіруі күрделілік танытты.

«Біз өз бетімізбен Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша егемен келіссөздер жасадық. Мәселен, біздің жұмыс баяндамасында ДСҰ-ға кірудегі біздің міндеттердің барлығы көрсетілген, 38 бөлім, ол валюталық саясаттан бастап жеке меншік мүлікке дейінгі араны қамтыды. 36 бөлімнің 14-і Еуразиялық экономикалық одаққа жіберілді», - деді ол.

Ж.Айтжанова айтып өткендей, өндірістік мәселелер бойынша келіссөздердің қорытындысы Мемлекет басшысымен 22 маусым күні халық алдында айтылған үндеуінде тілге тиек болды. Біз өндірістік саланы қолдаудан бас тартпаймыз, алайда ДСҰ нормаларына сәйкес келмейтін кейбір шаралар сәйкестендірілетін болады».

[Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/23239/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-ds-a-kirude-auyl-sharuashyly-y-nimini-8-5-payyz-zhalpy-nyn-sa-tap-aldy-aytzhanova-523878](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-ds-a-kirude-auyl-sharuashyly-y-nimini-8-5-payyz-zhalpy-nyn-sa-tap-aldy-aytzhanova-523878)