---
title: "Қазақстан Достастық Кубогының ширек финалында Беларусьпен кездеседі"
description: "Қазақстанның жастар құрамасы Достастық Кубогының С тобындағы матчтарының қорытындылары бойынша үшін..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-01-21T07:17:06+00:00"
modified: "2015-01-21T07:17:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-dostasty-kubogyny-shirek-finalynda-belaruspen-kezdesedi-462311"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-dostasty-kubogyny-shirek-finalynda-belaruspen-kezdesedi-462311/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Достастық Кубогының ширек финалында Беларусьпен кездеседі

> Қазақстанның жастар құрамасы Достастық Кубогының С тобындағы матчтарының қорытындылары бойынша үшін...

[!\[Қазақстан Достастық Кубогының ширек финалында Беларусьпен кездеседі\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/01/20150120212518-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/01/20150120212518.jpg)

Қазақстанның жастар құрамасы Достастық Кубогының С тобындағы матчтарының қорытындылары бойынша үшінші орынға шықты, деп жазады sports.kz.

Соңғы ойында Тәжікстан Литваны жеңіп, 6 ұпай алып, топ жеңімпазы атанды. Екінші орында Оңтүстік Африка Республикасының футболшылары тұр, үшінші орынды Қазақстан командасы иеленді. Квартетті Литва елінің спортшылары түйіндеді.

Ертең Астана уақыты бойынша сағат 17:15-те жарыстың ширек финалдық ойыны өтеді. Бұл матчта Қазақстан мен Беларусь құрамалары кездеседі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-dostasty-kubogyny-shirek-finalynda-belaruspen-kezdesedi-462311](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-dostasty-kubogyny-shirek-finalynda-belaruspen-kezdesedi-462311)