---
title: "Қазақстан Doing Business рейтингінде 6 орынға көтерілді"
description: "Қазақстан Doing Business рейтингінде 6 орынға көтерілді. Өткен жылы біздің еліміз 41-орынды алса, қа..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2016-10-26T09:26:59+00:00"
modified: "2016-10-26T09:26:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-doing-business-reytinginde-6-oryn-a-k-terildi-721574"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-doing-business-reytinginde-6-oryn-a-k-terildi-721574/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Doing Business рейтингінде 6 орынға көтерілді

> Қазақстан Doing Business рейтингінде 6 орынға көтерілді. Өткен жылы біздің еліміз 41-орынды алса, қа...

Қазақстан Doing Business рейтингінде 6 орынға көтерілді. Өткен жылы біздің еліміз 41-орынды алса, қазір 35-орынға дейін көтерілген.

Рейтингтегі өз орындарын жақсартқан елдер: Бруней, Қазақстан, Кения, Беларусь, Индонезия, Сербия, Пәкістан, БАӘ және Бахрэйн. Бұл туралы Дүниежүзілік банк тобының сайтында хабарланады.

Рейтингте жетекші орындарды Жаңа Зеландия, Сингапур алады, одан әрі Дания, Қытай, Корея Республикасы, Норвегия, Ұлыбритания, АҚШ, Швеция және Македония орналасады.

Рейтингті Дүниежүзілік банк тобы құрастырған және оның 190 орны бар.

Әрбір елге бизнесті жүргізу жағдайларының қолайлылығы рейтингінде тиісті орын беріледі. Бизнесті жүргізу жағдайларының қолайлылығы рейтингінде ел орны неғұрлым жоғары болса, кәсіпорынның ашылуы мен жұмыс істеуіне арналған орта соғұрлым қолайлы болып табылады.

Дүниежүзілік Банк тобының жетекші басылымы «Doing Business 2017» баяндамасына сәйкес, Қазақстан әлемдік рейтингте 35-ші орынды иеленіп, «Doing Business 2016» көрсеткішіндегі 41-ші орынмен салыстырғанда 6 орынға жоғарлады.

«Аталған зерттеуде 10 индикатор бойынша 190 ел үшін деректерді салыстыруға мүмкіндік беретін бизнес-ахуалдың қолайлығы деңгейінің сандық көрсеткіштері қолданылып отыр. Қазақстан рейтингте Бельгия (42), Италия (50), Израиль (52), Греция (61), Түркия (69) сияқты ЭЫДҰ-ның елдерінен басып озды. ЕАЭО Кеден одағы елдерінің арасында Қазақстан рейтингте Белоруссия (37), Армения (38), Ресей Федерациясы (40), Қырғызстан (75) елдерінен басып озды», - деді ол.

Дүниежүзілік Банк іскерлік ахуалды жақсартуға бағытталған қарқынды реформаларды жүргізіп отырған 10 елді атады. Онда Қазақстан рейтингтің 7 индикаторы бойынша 2-ші позицияны иеленді. Сондай-ақ, Қазақстан соңғы 12 жылда төртінші рет үздік реформаторлар ретінде атап өтілді.

Казақстан рейтинг елдерінің бірінші үштігіне «Миноритарлы инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша 3-орын алып енді.

«Келісімшарттарды орындау» индикаторындағы 9 орынмен Қазақстан екінші жыл қатарынан он үздік елдер қатарынан орын алып отыр. «Меншікті тіркеу» индикаторы бойынша 18 орындағы Қазақстанның ұстанымы сақталды.

Рейтинг бойынша Қазақстан келесі көрсеткіштер бойынша жоғары серпінге ие: «Құрылысқа рұқсат алу» (22 орын), «Электр желілеріне қосылу» (75- орын) индикаторлары.

««Төлем қабілетсіздігін шешу» (37- орын) «Кәсіпорындарды тіркеу» (45- орын), «Салық салу» (60-орын), «Кредиттер алу» (75- орын), «Халықаралық сауда» (119- орын) индикаторындағы Қазақстанның ұстанымы жарияланды.

Дүниежүзілік Банктің «Doing Business 2017» рейтингі бойынша бизнесті жүргізу үшін ең қолайлы елдер Жаңа Зеландия (1), Сингапур (2), Дания (3), Гонконг (4) және Оңтүстік Корея (5)», - деді Ғ.Жолдыбаева.

Ақпарат көзі: [strategy2050.kz](https://strategy2050.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-doing-business-reytinginde-6-oryn-a-k-terildi-721574](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-doing-business-reytinginde-6-oryn-a-k-terildi-721574)