---
title: "Қазақстан Doing Business рейтингі бойынша төртінші рет үздік реформатор атанды"
description: "Қазақстан Doing Business рейтингі бойынша төртінші рет үздік реформатор атанды, деді ҚР президенті ж..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2016-10-26T08:32:25+00:00"
modified: "2016-10-26T08:32:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-doing-business-reytingi-boyynsha-t-rtinshi-ret-zdik-reformator-atandy-721536"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-doing-business-reytingi-boyynsha-t-rtinshi-ret-zdik-reformator-atandy-721536/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Doing Business рейтингі бойынша төртінші рет үздік реформатор атанды

> Қазақстан Doing Business рейтингі бойынша төртінші рет үздік реформатор атанды, деді ҚР президенті ж...

Қазақстан Doing Business рейтингі бойынша төртінші рет үздік реформатор атанды, деді ҚР президенті жанындағы ОКҚ-да ҰЭМ кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева.

Дүниежүзілік Банк тобының жетекші басылымы «Doing Business 2017» баяндамасына сәйкес, Қазақстан әлемдік рейтингте 35-ші орынды иеленіп, «Doing Business 2016» көрсеткішіндегі 41-ші орынмен салыстырғанда 6 орынға жоғарлады.

«Аталған зерттеуде 10 индикатор бойынша 190 ел үшін деректерді салыстыруға мүмкіндік беретін бизнес-ахуалдың қолайлығы деңгейінің сандық көрсеткіштері қолданылып отыр. Қазақстан рейтингте Бельгия (42), Италия (50), Израиль (52), Греция (61), Түркия (69) сияқты ЭЫДҰ-ның елдерінен басып озды. ЕАЭО Кеден одағы елдерінің арасында Қазақстан рейтингте Белоруссия (37), Армения (38), Ресей Федерациясы (40), Қырғызстан (75) елдерінен басып озды», - деді ол.

Дүниежүзілік Банк іскерлік ахуалды жақсартуға бағытталған қарқынды реформаларды жүргізіп отырған 10 елді атады. Онда Қазақстан рейтингтің 7 индикаторы бойынша 2-ші позицияны иеленді. Сондай-ақ, Қазақстан соңғы 12 жылда төртінші рет үздік реформаторлар ретінде атап өтілді.

Казақстан рейтинг елдерінің бірінші үштігіне «Миноритарлы инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша 3-орын алып енді.

«Келісімшарттарды орындау» индикаторындағы 9 орынмен Қазақстан екінші жыл қатарынан он үздік елдер қатарынан орын алып отыр. «Меншікті тіркеу» индикаторы бойынша 18 орындағы Қазақстанның ұстанымы сақталды.

Рейтинг бойынша Қазақстан келесі көрсеткіштер бойынша жоғары серпінге ие: «Құрылысқа рұқсат алу» (22 орын), «Электр желілеріне қосылу» (75- орын) индикаторлары.

««Төлем қабілетсіздігін шешу» (37- орын) «Кәсіпорындарды тіркеу» (45- орын), «Салық салу» (60-орын), «Кредиттер алу» (75- орын), «Халықаралық сауда» (119- орын) индикаторындағы Қазақстанның ұстанымы жарияланды.

Дүниежүзілік Банктің «Doing Business 2017» рейтингі бойынша бизнесті жүргізу үшін ең қолайлы елдер Жаңа Зеландия (1), Сингапур (2), Дания (3), Гонконг (4) және Оңтүстік Корея (5)», - деді Ғ.Жолдыбаева.

Ақпарат көзі: [strategy2050.kz](https://strategy2050.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-doing-business-reytingi-boyynsha-t-rtinshi-ret-zdik-reformator-atandy-721536](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-doing-business-reytingi-boyynsha-t-rtinshi-ret-zdik-reformator-atandy-721536)