---
title: "Қазақстан ДЭФ 2016-2017 Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде"
description: "2016 жылғы 28 қыркүйекте Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) жыл сайынғы 2016-2017 Жаһандық бәсеке..."
author: "MalikaD"
published: "2017-08-31T05:35:00+00:00"
modified: "2017-09-04T05:36:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-def-2016-2017-zha-andy-b-sekege-abilettilik-indeksinde-777497"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-def-2016-2017-zha-andy-b-sekege-abilettilik-indeksinde-777497/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан ДЭФ 2016-2017 Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде

> 2016 жылғы 28 қыркүйекте Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) жыл сайынғы 2016-2017 Жаһандық бәсеке...

2016 жылғы 28 қыркүйекте Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) жыл сайынғы 2016-2017 Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есепті жариялады.

Рейтинг нәтижелері бойынша Қазақстан өз рейтингісін 11 көрсеткішке төмендетіп, 4,41 орташа баллмен 53-орынға ие болды.

Осы жылы рейтингті қайтадан Швейцария басқарды, ол соңғы 8 жыл бойы тұрақты позицияларды иеленіп отыр. Одан кейін Сингапур, АҚШ, Нидерланды және Германия орналасқан.

Дүниежүзілік экономикалық форумның 2016-2017 Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде (ЖБИ) бағаланатын елдер саны 138-ді құрады (өткен жылы – 140) ЖБИ 114 көрсеткіш негізінде есептеледі, оның 34-і статистикалық деректер, ал қалғаны орта және ірі кәсіпорындар басшыларының бағалаулары бойынша есептеледі. 114 көрсеткіштен экономикалық дамудың түрлі деңгейдерінде орналасатын әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігін егжей-тегжейлі сипаттайтын 12 бәсекеге қабілеттілік факторы шығарылады.

Позициялардың айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, Қазақстанның бәсекелес артықшылықтарына еңбек нарығының тиімділігі жатады - 20 орын (2015 жылы - 18). Экономикалық дағдарыстың әсері макроэкономикалық ортаның көрсеткішіне ықпал етті – 69-орын (2015 жылы – 25). Есепте Қазақстан позицияларының төмендеуі экспорттық мұнай табыстарының төмендеуімен байланысты мемлекеттік қаржы жағдайының нашарлау нәтижесі болып табылатыны көрсетіліп кеткен.

ДЭФ бағалауына сәйкес, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі институттар – 49-орын (2015 - 50), инфрақұрылым – 63 (2015 - 58), жоғары білім және кәсіби дайындық – 57 (2015 - 60), тауарлар нарығының тиімділігі – 62 (2015 - 49) сияқты факторлар бойынша орташа деңгейде орналасқан. Технологиялық дайындық – 56 (2015 – 61) және нарық мөлшері – 45 (2015 – 46) көрсеткіштерінің жақсаруы байқалады.

Қазақстанның денсаулық сақтау және бастауыш білім (94, 2015 – 93), қаржы нарығын дамыту (104, 2015 – 91), компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі (97, 2015 – 79) сияқты факторлары әлсіз позициялар болып отыр. Инновациялар көрсеткіші бойынша (59, 2015 – 72) ағымдағы жыл рейтингісінде айтарлықтай жақсару байқалады. Ең жоғары өсу келесі көрсеткіштер бойынша байқалды: Компаниялардың заманауи технологияларды пайдалану қабілеті (90-орынға қарсы 71-орын), 100 адамға шаққандағы Интернет пайдаланушылары (62-орынға қарсы 41-орын), ғылыми-зерттеу ұйымдарының сапасы (81-орынға қарсы 63-орын), ҒЗТКЖ саласында университеттер мен бизнестің ынтымақтастығы (88-орынға қарсы 66-орын), мектептерде Интернетке қол жеткізу (41-орынға қарсы 29-орын).

Келесі көрсеткіштер бойынша нашарлау байқалады: мемлекеттік бюджет сальдосы (10-орынға қарсы 108-орын), венчурлық капиталға қолжетімділік (59-орынға қарсы 92-орын), қарыз қаражатын алу жеңілдігі (44-орынға қарсы 89-орын), ЖІІӨ-де экспорт үлесі (66-орынға қарсы 87-орын), салық салудың инвестицияларды ынталандыруға әсері (28-орынға қарсы 57-орын), сауда кедергілерінің мөлшері (45-орынға қарсы 67-орын). Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің келесі көрсеткіштері жоғары бағаланған: ересек халықтың арасында АИТВ таралуы (1-орын), ұялы байланыс абоненттерінңі саны (4-орын), мемлекеттік борыш (17-орын), темір жол инфрақұрылымының сапасы (26), бастауыш біліммен қамту (21), бизнесті ашуға кететін күндер саны (26), бизнесті ашуға қажетті рәсімдер саны (22).

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Ресей 43-орынға (2015 жылы - 45), Тәжкстан 77-орынға (80), Украина 85-орынға (79), Қырғызстан 111-орынға (102), Армения 79-орынға (82) ие.

Рейтинг нәтижелерімен Дүниежүзілік экономикалық форумның [http://www.weforum.org/reports](http://www.weforum.org/reports) ресми сайтында нақтырақ танысуға болады

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-def-2016-2017-zha-andy-b-sekege-abilettilik-indeksinde-777497](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-def-2016-2017-zha-andy-b-sekege-abilettilik-indeksinde-777497)