---
title: "«Қазақстан дауысы» атануға кім лайықты?"
description: "Оны анықтау тек Сіздің қолыңызда! «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында 19 қаңтар күні сағат 21:35-те тік..."
author: "Akparat"
published: "2014-01-16T12:24:14+00:00"
modified: "2014-01-17T07:28:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-dauysy-atanu-a-kim-layy-ty-396052"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-dauysy-atanu-a-kim-layy-ty-396052/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақстан дауысы» атануға кім лайықты?

> Оны анықтау тек Сіздің қолыңызда! «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында 19 қаңтар күні сағат 21:35-те тік...

Оны анықтау тек Сіздің қолыңызда!

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында **19 қаңтар күні сағат 21:35-те** тікелей эфирде [«Қазақстан дауысы»](http://kaztrk.kz/kaz/news/The_Voice_of_Kazakhstan/#go) жобасының ақтық сыны!

**Төрт үміткердің өнерін бұл жолы тек көрермен бағалайды.**

**<br />**

Бірнеше айға созылған ән бәйгесіне еліміздің әр өңірінен небір күміс көмей әнші қатысты. Жобаның төрт тәлімгері осы таланттардың арасынан нағыз дарындыларды өз тобына іріктеп алды.

12 қаңтарда тікелей эфир кезінде әр топтан 8 үміткер өнер көрсетті.

Нұрлан Албанның тобынан **Шахаризат Сейдахмет** тәлімгерінен 60 пайыз дауыс алып, көрермен көп дауыс берген Таңатты басып озды.

![«Қазақстан дауысы» атануға кім лайықты?](https://storage.yvision.kz/images/user/akparat/L42HVj8VOn2IqAl989n6lc2Od30xcv.jpg)

Ал Алмас Кішкенбаевтың тобынан тәлімгердің 60 пайыз дауысын алған **Тимур Омаров** ортақ қорытынды бойынша 104,5 пайыз жинап, 95,5 пайыз алған Бердібек Құлғараевтан озық шықты.

![«Қазақстан дауысы» атануға кім лайықты?](https://storage.yvision.kz/images/user/akparat/j6833anhSmh3o7WWPl5DmQ1p0UmEZ5.jpg)

Алайда, кейбір үміткерлер тәлімгерінен төмен пайыз алса да, көрерменнің қолдауымен ақтық сынға өтті. Мадинаның тобынан **Роза Мұқатаева** тәлімгерінен 40 пайыз алса да, ортақ қорытынды бойынша 107,3 пайыз жинап, 92,7 пайыз дауысқа ие болған Мархаба Сәбиевадан алға шықты.

![«Қазақстан дауысы» атануға кім лайықты?](https://storage.yvision.kz/images/user/akparat/M3EywJ8981tKSJw8lzC4412m0jqZO8.jpg)

Тап осылай **Жанғали Әбішев** те тәлімгерінен 40 пайыз дауыс алғанымен, ортақ қорытынды бойынша 102,2 пайызға ие болып ақтық сынға жол тартты. Ал Батырхан 97,8 пайызбен келесі кезеңге өтпей қалды.

![«Қазақстан дауысы» атануға кім лайықты?](https://storage.yvision.kz/images/user/akparat/oa068O69m5h2S6Bstp2IvUgQeBp59r.jpg)

Осылайша, «Қазақстан дауысы» атағына таласатын 4 өнерпаз анықталды.

**Енді 19 қаңтар, жексенбі күні ақтық сында олар сахнада еліміздің әйгілі әншілерімен және өз тәлімгерлерімен бірге қосылып ән шырқайды. Олардың өнерін, бұл жолы тек көрермен бағалайды.**

Бес миллион теңге мен «Universal» дыбыс жазу компаниясының келісімшарты кімге бұйырады? Оны анықтайтын - Сіздер.

Қымбатты көрермен, қапы қалмай дауыс беріңіз! Сіздердің пікірлеріңіз үміткерлердің жобадағы тағдырын шешеді. Дауыс беру шарттарымен [мына жерден](http://kaztrk.kz/kaz/news/portal/Kazakstan_dauisi__Sizdin_dauisiniz_umitkerlerdin_tagdirin_sheshedi_id1387186576.html#go) таныса аласыздар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-dauysy-atanu-a-kim-layy-ty-396052](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-dauysy-atanu-a-kim-layy-ty-396052)