---
title: "«Қазақстан болашағы біздің қолымызда» бесінші жастар патриоттық форумы өтті"
description: "2016 жылғы 29 қарашада «№24 ЖОМ» ММ Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Н..."
author: "CRMI"
published: "2016-11-30T02:09:59+00:00"
modified: "2016-11-30T05:57:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-bolasha-y-bizdi-olymyzda-besinshi-zhastar-patriotty-forumy-tti-731954"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-bolasha-y-bizdi-olymyzda-besinshi-zhastar-patriotty-forumy-tti-731954/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақстан болашағы біздің қолымызда» бесінші жастар патриоттық форумы өтті

> 2016 жылғы 29 қарашада «№24 ЖОМ» ММ Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Н...

2016 жылғы 29 қарашада «№24 ЖОМ» ММ Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев күніне орай *«Қазақстан болашағы біздің қолымызда»* бесінші жастар патриоттық форумы өткізілді.

Форум рухани-адамгершілік құндылықтар және ұлттық әдет-ғұрыптар негізінде патриотизм бен шыдамдылықты дамыту, сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығында Қазақстанның жетістіктерін насихаттау мақсатында өтті.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/52x0LM9M7mv8y0N93YFZJ3s9tKRb4m.jpg)

Салтанатты шараның ашылу рәсімі мектеп директоры Нұргүл Шампатқызы Рахимгожинаға берілді.Форумға депутат, Павлодар облысы Жастар конгресінің басшысы Корепанов Дмитрий Викторович,Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сінің ақпараттық-технологиялық бөлімінің жетекшісі Шуренов Дархан Берікұлы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бас маманы Абишева Зарина Кенжебаевна, армян этно-мәдени бірлестіктің төрайымы Петросян Эльмира Бениковна, мектептегі ата-аналар комитеті төрағасының орынбасары Москалец Николай Васильевич,мектептегі ата-аналар комитеті төрағасының орынбасары Федоров Илья Юрьевич қатысты.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/VEC1U76Ae4Qc0ZeWSK7U7i3H2svyMe.jpg)

Форумның қатысушылары қала жастарын Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев құрған тәуелсіз елдің дамуына, өсіп-өркендеуіне өз білімдерін бағыттауға шақырды.

Оқушылар, үздік спортшылар, қалалық сайыстардың, ғылыми жобалардың, шығармашылық сайыстардың жеңімпаздары қошемет шеңберін жасап тұрды. Форум кезінде өлеңдер, сөздер, ұрандар айтылды. «Бізді алға бастаған, Елбасымыз – Нұрсултан!» — Форумның қатысушылары ұрандады. Бірінші Президент күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Мектеп оқушылары өз жетістіктері үшін марапатталды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/It7pMWSPqE7azCmQd3SUJyy1az5Sv6.jpg)

Қазіргі жастардың қолында ерекше тарихи жауапкершілік тұр, ол – Қазақстан РеспубликасыныңТәуелсіздігін сақтау және нығайту. Сондықтан білім беру мекемелері мен үкіметтік емес ұйымдардың өз жұмыстарын қоғамның бойында осы құндылықты қалыптастыру үшін бағыттауы тиіс.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-bolasha-y-bizdi-olymyzda-besinshi-zhastar-patriotty-forumy-tti-731954](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-bolasha-y-bizdi-olymyzda-besinshi-zhastar-patriotty-forumy-tti-731954)