---
title: "«Қазақстан – Болашағы біртұтас ел»"
description: "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 – жылдығына орай атты пікірсайыс ойындарының қорытынды ақ..."
author: "cvalem"
published: "2016-12-22T03:03:27+00:00"
modified: "2016-12-22T03:03:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-bolasha-y-birt-tas-el-740227"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-bolasha-y-birt-tas-el-740227/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақстан – Болашағы біртұтас ел»

> Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 – жылдығына орай атты пікірсайыс ойындарының қорытынды ақ...

**Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің**

**25 – жылдығына орай**

**

![«Қазақстан – Болашағы біртұтас ел»](https://storage.yvision.kz/images/user/cvalem/HRvM1Y166TXPjIcL9V6D3s898fSfYv.jpg)

**

**атты пікірсайыс ойындарының**

**қорытынды ақпараты**

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің тапсыры негізінде «Алем» волонтерлық орталығы» заңды тұлғалар қауымдастығының ұйымдастыруымен қараша айының 15–жұлдызында Астана қаласы Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Елбасының Қазақстан халқына жолдауының негізгі қағидалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру барысында жастар арасында жоспарланған пікірсайыс турнир ойындары өткізілді. Дебат ойыны 09:00 – 18:00 аралығында өтті.

Ең алдымен тапсырыс берушімен турнирдің Бағдарламасы ( қосымша 1), концепциясы ( қосымша 2), пресс релиз ( қосымша 3) баннер және марапаттау қағаздары бекітілді.

Турнир алдында баннер ілінді, қатысушылар мен қонақтарға үлестірме материалдары таратылды (папка, блокнот, қаламсап, бейдж)

Турнир барысында өтпелі кезеңде шамамен 50-адам қатысып, нәтижесінде 3 лигадан құралатын 12 команда құрылды. Турнирдің ерекшелігін атап айтсақ: 3 лига 3 түрлі тілде ойын жүргізді, яғни қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

**Дебат ойындарының мақсаты:**

Жастарға және жиын барысындағы қатысушыларға, Елбасы жолдауының мақсат-міндеттерін пікірсайыс ойындары арқылы түсіндіру.

Жолдау арқылы жастарды: отан тарихын терең білуге, елін, жерін құрметтеуге, саналы болуға, ынтымақтастыққа, бірлікке, ел тарихын білуге, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға үлес қосу.

Жолдау туралы түсінік бере отырып, пікірсайыс арқылы жолдаудың тармақтарын жан - жақты талқылау, ой бөлісу.

Қазақ лигасының қатысушылары өз қарсыластарынан кем қалмады. Бұл лига ойын тақырыбын толықтай ашты деп айтуға болады, өз ойындары арқылы нағыз дебат командасының ойынын көрсетті.

Орыс лигасы ойынын қарай отыра, әрбір топ спикері президент жолдауының мемлекет пен қоғамға деген құндылықтарын еркін жеткізе білді және бекітті.

Турнир қорытындысы бойынша қазақ лигасының жеңімпаздары ЕНУ университетінің (2 курс) студенті Жүсіпова Айман және (1 курс) студенті Куатова Арулан марапатталды.

Орыс лигасының жеңімпаздары болып ЕНУ университетінің (1 курс) студенті Хайсина Талия және (1 курс) студенті Рей Бакберген атанды

Ағылшын лигасының жеңімпаздары болып ЕНУ университетінің (3 курс) студенті Тоқанов Ерсін мен (2 курс) студенті Мұхаметжанова Айжан марапатталды.

Сондай ақ турнир ойынының үздік спикері анықталды: ЕНУ университетінің (1 курс) студенті Сейтхан Алмат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-bolasha-y-birt-tas-el-740227](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-bolasha-y-birt-tas-el-740227)