---
title: "Қазақстан – бейбітшілік пен келісім аумағы"
description: "2016 жылы 19 қаңтар күні Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасыда Қазақстан тәуелсіздігі..."
author: "library"
published: "2016-01-22T04:04:29+00:00"
modified: "2016-01-22T04:04:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-beybitshilik-pen-kelisim-auma-y-674462"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-beybitshilik-pen-kelisim-auma-y-674462/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан – бейбітшілік пен келісім аумағы

> 2016 жылы 19 қаңтар күні Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасыда Қазақстан тәуелсіздігі...

![Қазақстан – бейбітшілік пен келісім аумағы](https://storage.yvision.kz/images/user/library/cVGO7CLokDa1L3HtsrxoC3PLi5yFRw.jpg)

2016 жылы 19 қаңтар күні Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасыда Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына байланысты «Қазақстан – бейбітшілік пен келісім аумағы» атты ақпарттық досье ұсынылды. Соған орай, оқырмандар назарына Бұнда оқырман Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел. Ғасырға бергісіз жылдар», «Нұрлы жол – Путь в будущее» еңбектерін, сондай-ақ, «Н. Назарбаев – этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің негізін қалаушы» сияқты кітаппен танысса, көрмеге қойылған «Дом, в котором живет дружба», «Этносы Казахстана» кітаптарынан Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихы, оның қызметі, халықтардың салты мен дәстүрі, «Достық – Дружба» журналында жарияланған мақалалардан Қазақстан территориясында қоныс тепкен әр түрлі ұлт арасындағы бейбітшілік, достық, сыйластық туралы оқып біле алады.

Көрмеде Қазақстанды Отан еткен ұлттардың өзіндік ерекшеліктері мен өзгешеліктері жайында сыр шертетін бұйымдар тағы бар: киіз үй, қамшы, ұлттық киім киген қуыршақтар, ұлттық оюлармен өрнектелген ыдыстар, самаурын және көрменің өңін ашатын өзге де тұрмыстық заттар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-beybitshilik-pen-kelisim-auma-y-674462](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-beybitshilik-pen-kelisim-auma-y-674462)