---
title: "«Қазақстан Барысы» турнирінің билеттері сатылымға түсті"
description: "Шілденің 4 күні қазақ күресінен Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевт..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-06-23T06:11:00+00:00"
modified: "2015-07-03T06:24:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-barysy-turnirini-biletteri-satylym-a-t-sti-516498"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-barysy-turnirini-biletteri-satylym-a-t-sti-516498/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақстан Барысы» турнирінің билеттері сатылымға түсті

> Шілденің 4 күні қазақ күресінен Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевт...

**Шілденің 4 күні қазақ күресінен Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» турнирінің финалдық белдесулері өтеді.**

Жалпыұлттық жоба аясындағы осы дәстүрлі турнирдің билеттері сатылымға түсті, деп хабарлайды «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметі.

Билеттердің құны: 1 мың, 3 мың және 5 мың теңге. Сондай-ақ, сатылған билеттер арқылы жүлде ойнатылмақ. Бас жүлдеге автокөлік қойылған.

Билеттер Астана қаласындағы кассаларда және «Меломан» дүкендер желісінде сатылады.

Еске сала кетейік, бұған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі бесінші финалдық додасының өтетін күні Астана күні мерекесіне орай ұйымдастырылатын шаралардың тығыздығына байланысты басқа күнгеауыстырылған болатын.

Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» турнирінің 2015 жылғы барлық финалистері анықталды. Қазақстанның барлық аумағында өткен іріктеу жарыстарына бірнеше мың палуан қатысқан. Осылайша Астанада өтетін финалға іріктеуден өткен 32 спортшы мен 2014 жылғы «Қазақстан Барысы» бақ сынайды.

«Қазақстан Барысы-2015» турниріне қатысатын палуандар тізімі:
- Ақмола облысы: Нұрлан Жамалов, Әсет Жүнісов

- Ақтөбе облсы Бақтыбай Кісіков, Шыңғыс Шоқпұтов

- Алматы облысы: Александр Касачев, Қазыбек Рамазанов

- Атырау облысы: Табиғат Мағауияұлы, Наурызбек Өтеуов

- Батыс Қазақстан облысы: Ерлан Мұсағалиев, Олжас Сүлейменов

- Жамбыл облысы: Айбол Айтбек, Бейбіт Ыстыбаев

- Қарағанды облысы: Ержан Шынкеев, Асыл Бәрменов

- Қызылорда облысы: Нұрым Сәлімгереев, Руслан Әбдіразақов

- Қостанай облысы: Ерлан Омаров, Максим Гербер

- Маңғыстау облысы: Нұрдәулет Жарлығапов, Мейрамбек Жанабай

- Оңтүстік Қазақстан облысы: Жұманазар Ерсұлтанов, Нұрсұлтан Мынғышов

- Павлодар облысы: Арман Махамбетов, Алан Тұрысов

- Солтүстік Қазақстан облысы: Рустем Жұмаев, Төлеген Жетпісбаев

- Шығыс Қазақстан облысы: Айбек Нұғымаров, Талғат Әміренов

- Алматы: Мақсат Кікімов, Бақыт Исмағұлов

- Астана: Ғани Сейділдаев, Айбат Сейтен

- «Қазақстан Барысы-2014» Мұхит Тұрсынов.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-barysy-turnirini-biletteri-satylym-a-t-sti-516498](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-barysy-turnirini-biletteri-satylym-a-t-sti-516498)