---
title: "«Қазақстан Барысы» – ауыл жастары үшін әлеуметтік лифт"
description: "«Қазақстан Барысы» турнирі ауыл жасты үшін әлеуметтік лифт болып саналады, деді «Қазақстан Барысы» қ..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-07-03T02:39:00+00:00"
modified: "2015-07-31T02:41:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-barysy-auyl-zhastary-shin-leumettik-lift-523552"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-barysy-auyl-zhastary-shin-leumettik-lift-523552/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақстан Барысы» – ауыл жастары үшін әлеуметтік лифт

> «Қазақстан Барысы» турнирі ауыл жасты үшін әлеуметтік лифт болып саналады, деді «Қазақстан Барысы» қ...

«Қазақстан Барысы» турнирі ауыл жасты үшін әлеуметтік лифт болып саналады, деді «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры кеңесінің төрағасы Арман Шораев ОКҚ брифингінде.

«Біз әу баста өз жобамызды жастар үшін әлеуметтік лифт болып саналады. Егер бізде «Болашақ» бағдарламасы болса, олар өз білімдерін жетілдіріп, шетелде білім алуға мүмкіндік алады, ал қарапайым халық ішінде мықтылар үшін жасалған ондай лифт жоқ болатын. Біз оны ойлап таптық. Ол жұмыс істеуде. Жастар – турнир жеңімпаздары қоғамдық пікірдің көшбасшылары болып есептеледі», - деді А.Шураев.

Оның айтуынша, 5 жыл ішінде қазақша күреспен айналысушылар саны 5 есеге өскен. Сәттілік құпиясы – бұл барлығына қолжетімді.

«Біздің күрестің артықшылығы хоккей мен гольфқа қарағанда қолжетімді спорт түрі болып есептеледі. Киім-кешегі 4 мың теңге шамасында, кез келген жерде, кілемше үстінде жаттығуға болады. Сондықтан, бұл спорт түрі барлығына қол жетімді. Бізге ірі мұз сарайы керек емес. Ауылдардан бастап үлкен қалаларға дейін жапғдай жасалған. Осы 5 жыл ішінде күреске келушілер саны 5 есеге өсті. Облыстарда қосымша секциялар ашылуда, бапкерлер саны көбеюде», - деді ол.

Айта кетейiк, Елбасы жүлдесi үшiн «Қазақстан барысы» турнирiне бес жыл толып отыр. Биыл турнирдiң ақтық сыны Астана күнi қарсаңында 5 шiлдеде «Сарыарқа» велотрегiнде өтедi. Турнирдiң жүлде қоры 225 мың долларды құрайды.

«Менің айтайын дегенім, соңғы 5 жылда біздің жобамыз өте танымал болды және тек біздің елімізде ғана емес. Осы жарысты көрсететін ұлттық телеарналардан бөлек біздің жобамыз Ресей, Түркия мемлекеттерінде де үлкен ықыласқа ие»,-деді А.Шораев.

Оның сөзінше, «Қазақстан Барысы» турнирінің жалпы көлемі бүкіл әлем бойынша жарты миллиардтан асады.

«Қазіргі таңда бізді елдегі ең үлкен телеарналардың бірі «Қазақстан» және «KAZsport» телеарналары таратады. Рейтингтерге сүйене отырып, мен 5-7 сағат көлемінде бізді 5-6 млн адам тек Қазақстан бойынша ғана көреді дей аламын. Бұл айтарлықтай жақсы көрсеткіш. Бұған қоса әлемнің 37 мемлекетіне тарайтын «Боец» телеарнасы арқылы тағы 250 миллион адам тамашалайды деп ойламйын. Сондай-ақ Еуропа, Азия, Оңтүстік Африка мемлекеттеріне хабар тарататын түріктердің «TRT-Avas» арнасы бары. Осы арнаның арқасында біз тағы 80-ге жуық мемлекетке тараймыз. Нәтижесінде біздің әлем бойынша жарты миллиардқа жуық халық тамашалайды. Меніңше, шамамен бір 5 жылдан соң біз жапондықтардың сумо спорты сияқты танымал боламыз деген ойдамын»,-деді қамқорлық кеңесінің төрағасы.

ҚР Президенті Н.Назарбаев сыйлығының «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі 4-шілде күні Астанада «Сарыарқа» велотрегінде өтеді және онда жеңімпаз бен чемпиондық белбеу мен «Тайтұяқ» иегері анықталады.

Естеріңізге сала кетейік, ірікте жарыстарының 3 кезеңі бойынша Қазақстан бойынша, 32 балуан жарыстың мәресіне жетті. Сыйлық қоры 250 мың АҚШ доллары болады. Оның 150 мың долларын жеңімпаз алады. Күміс жүлдегерге – 30 мың, үшінші орынға - 10 мың беріледі. Тағы 35 мың бапкерлер мен спортшыларға арналады.

[Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/23328/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-barysy-auyl-zhastary-shin-leumettik-lift-523552](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-barysy-auyl-zhastary-shin-leumettik-lift-523552)