---
title: "«Қазақстан Барысы-2012» жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев «Alem Barysy»-на әзірлігі қандай екенін айтты"
description: "Қазақша күрестен «Қазақстан барысы-2012» республикалық турнирінің жеңімпазы, «Еуразия барысы-201..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-10-23T00:42:11+00:00"
modified: "2014-10-23T00:42:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-barysy-2012-zhe-impazy-beybit-ystybaev-alem-barysy-na-zirligi-anday-ekenin-aytty-435367"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-barysy-2012-zhe-impazy-beybit-ystybaev-alem-barysy-na-zirligi-anday-ekenin-aytty-435367/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақстан Барысы-2012» жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев «Alem Barysy»-на әзірлігі қандай екенін айтты

> Қазақша күрестен «Қазақстан барысы-2012» республикалық турнирінің жеңімпазы, «Еуразия барысы-201...

[!\[«Қазақстан Барысы-2012» жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев «Alem Barysy»-на әзірлігі қандай екенін айтты\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/10/20120926091157-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/10/20120926091157.jpg)

Қазақша күрестен «Қазақстан барысы-2012» республикалық турнирінің жеңімпазы, «Еуразия барысы-2013» I халықаралық турнирдің жеңімпазы жамбылдық спортшы Бейбіт Ыстыбаев әлемдік деңгейдегі жарысқа дайындық үстінде.

«Көңіл-күйім жақсы. Жерлестерімнің қолдауын сезінемін, тиісті деңгейде дайындалып жатырмын. Әрине, бәрін рингтегі дода шешеді, бірақ мен де соңына дейін тырысамын», — деді Б.Ыстыбаев «Alem Barysy»-на қатысушылар жиналып жатқан Павлодар қаласында. Еске салсақ, 25 қазанда Қазақстанда алғаш рет қазақша күрес бойынша «Alem Barysy» халықаралық турнирі өтеді. Павлодарда 90 келі салмақ санатындағы палуандар сынға түседі, жарысқа әлемнің 30-дан астам елінен спортшылар қатыспақ. Турнирдің жалпы жүлде қоры 150 мың долларды құрайды. Жақында «Alem Barysy» турнирінде Қазақстанның намысын қорғайтын палуандардың есімдері белгілі болды. Оған жамбылдық Бейбіт Ыстыбаевтан басқа «Қазақстан барысы-2013» жеңімпазы шығысқазақстандық Айбек Нұғымаров, «Қазақстан барысы-2014» турнирінің күміс жүлдегері қарағандылық Асыл Бәрменов және қола жүлдегер қызылордалық Руслан Әбдіразақов. Жамбыл облыстық спорт басқармасынан хабарлағандай, 90 келіден астам салмақта бәсекеге түсетін Бейбіт Ыстабаев Павлодардағы «Alem Barysy» турниріне ғана емес, Таразда жоспарланған «Eurasia Barysy» ІІ халықаралық турниріне де қатысуға ниетті.

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

ТАРАЗ. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-barysy-2012-zhe-impazy-beybit-ystybaev-alem-barysy-na-zirligi-anday-ekenin-aytty-435367](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-barysy-2012-zhe-impazy-beybit-ystybaev-alem-barysy-na-zirligi-anday-ekenin-aytty-435367)