---
title: "Қазақстан азаматтарының банк шоттарында қанша қаржы бар екені айтылды"
description: "Ұлттық банк қазақстандықтардың банктердегі есеп-шотында қанша ақша бар екенін айтып берді. Фото:..."
author: "orazali"
published: "2024-01-11T06:24:02+00:00"
modified: "2024-01-11T06:24:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-azamattaryny-bank-shottarynda-ansha-arzhy-bar-ekeni-aytyldy-999762"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-azamattaryny-bank-shottarynda-ansha-arzhy-bar-ekeni-aytyldy-999762/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан азаматтарының банк шоттарында қанша қаржы бар екені айтылды

> Ұлттық банк қазақстандықтардың банктердегі есеп-шотында қанша ақша бар екенін айтып берді. Фото:...

Ұлттық банк қазақстандықтардың банктердегі есеп-шотында қанша ақша бар екенін айтып берді.

![Қазақстан азаматтарының банк шоттарында қанша қаржы бар екені айтылды](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/330ddec9118b691a51822e469d5f91.jpg)

Фото: kgd.gov.kz

Ұлттық банк Tengrinews.kz-ның ресми сауалына берген жауабында 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, теңгелік депозиттер - шоттар мен резиденттердің салымдары 24,2 триллион теңге, оның ішінде ағымдағы шоттарда - 6 триллион теңге, өзге шоттарда - 18,2 триллион теңге болғанын хабарлады.

Ұлттық банк мәліметінше, 2023 жылдың 11 айында елдегі қолма-қол ақшасыз төлем айналымы – шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлық төлемі мен ақша аударымы 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,5 пайызға өсіп, 796,9 триллион теңге болған. Сондай-ақ, 2021 жылмен салыстырғанда - 29,3 пайыз, 779,5 триллион.

Жеке тұлғалардың төлемдеріне келетін болсақ, қолма-қол ақшасыз төлемдердің өсу үрдісі 2023 жылы да сақталған. 2023 жылдың 10 айында халық 132,8 триллион теңгеге 9,5 миллиард транзакция жасаған.

Оның ішінде 114,1 триллион теңгеге 9,3 миллиард транзакция қолма-қол ақшасыз әдіспен жасалған. Былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда саны бойынша 33,8 пайызға, көлем бойынша 38,7 пайызға өсім бар.

2023 жылы барлық карточкалық транзакциялардың 85,9 пайызы қолма-қол ақшасыз операциялар болды, олардың үлесі былтырғымен салыстырғанда 82,4 пайыздан 3,5 пайыздық тармаққа өсті. 2023 жылы қолма-қол ақшаны алу операцияларының үлесі 2022 жылғы 17,6 пайыздан 2023 жылы 14,1 пайызға дейін төмендеді.

"Халық арасында қолма-қол ақшасыз операциялар жасаудың ең сұранысқа ие тәсілі интернет-және мобильді банкинг болып табылады. 2023 жылдың 10 айында қолма-қол ақшасыз операциялардың жалпы құрылымындағы онлайн-операциялардың үлесі саны бойынша 77 пайыз және көлемі бойынша 88,1 пайыз болды.Күн сайын қазақстандықтар цифрлық банкинг арқылы 331 миллиард теңгеден астам сомаға 23,5 миллионнан астам транзакцияны жүзеге асырады", - деп толықтырды ведомство.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-azamattaryny-bank-shottarynda-ansha-arzhy-bar-ekeni-aytyldy-999762](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-azamattaryny-bank-shottarynda-ansha-arzhy-bar-ekeni-aytyldy-999762)