---
title: "Қазақстан астанасында «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» атты республикалық форум өтті. Республика..."
description: "Қазақстан астанасында «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» атты республикалық форум өтті. Республика тәуел..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2021-10-29T03:28:45+00:00"
modified: "2021-10-29T03:28:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-astanasynda-zhalpy-a-orta-e-bek-o-amyna-atty-respublikaly-forum-tti-respublika-952761"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-astanasynda-zhalpy-a-orta-e-bek-o-amyna-atty-respublikaly-forum-tti-respublika-952761/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан астанасында «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» атты республикалық форум өтті. Республика...

> Қазақстан астанасында «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» атты республикалық форум өтті. Республика тәуел...

Қазақстан астанасында «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» атты республикалық форум өтті. Республика тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шара барысында еңбек ардагерлері мен «Еңбек жолы» республикалық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Форум жұмысын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ашты. Ол өз сөзінде Үкімет нақты нәтижелі еңбекке негізделген қоғамды әлеуметтік жаңғырту саясатын дәйекті түрде жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындайтынын, зейнетақы мен жәрдемақылар төленетінін, әлеуметтік көмек көрсетілетінін, еңбекақының көтерілетінін, қазақстандықтарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар іске асырылатынын, еңбекшілерді, кәсіпкерлерді және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың өзге де кешенді шаралары қабылданатынын еске салды. Өз кезегінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өсуі мен халықтың әл-ауқатының басты құрамдас бөлігі ретінде еңбектің құндылығын және жастарды еңбексүйгіштікке баулу қажеттілігін атап өтті. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/276346...

***

![Қазақстан астанасында «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» атты республикалық форум өтті. Республика...](https://storage.yvision.kz/images/user/386817/31b14b2a31769e3a2e6309bad0314d.jpg)

![Қазақстан астанасында «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» атты республикалық форум өтті. Республика...](https://storage.yvision.kz/images/user/386817/06298adce8337f20599362dc498481.jpg)

![Қазақстан астанасында «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» атты республикалық форум өтті. Республика...](https://storage.yvision.kz/images/user/386817/0e45ad8d96a684c4ec8b362f56ce1a.jpg)

![Қазақстан астанасында «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» атты республикалық форум өтті. Республика...](https://storage.yvision.kz/images/user/386817/ef398d6b216fb35ea3d976c332e480.jpg)

![Қазақстан астанасында «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» атты республикалық форум өтті. Республика...](https://storage.yvision.kz/images/user/386817/6b76b1d6099fcc1b6c1c30017baf2f.jpg)

В столице Казахстана прошел республиканский форум «К Обществу Всеобщего Труда». В ходе мероприятия, приуроченного к 30-летию независимости республики, состоялась торжественная церемония награждения ветеранов труда и победителей республиканского конкурса «Еңбек жолы». Работу форума открыл Заместитель Премьер-министра РК Ералы Тугжанов. В своем выступлении он подчеркнул, что Правительством последовательно реализуется политика социальной модернизации общества, в основу которой положен реальный производительный труд. Заместитель Премьер-министра РК также напомнил, что государством исполняются все социальные обязательства, выплачиваются пенсии, пособия, оказывается социальная помощь, повышаются заработные платы, реализуются государственные программы, направленные на обеспечение занятости казахстанцев, оказываются иные комплексные меры поддержки трудящихся, предпринимателей и социально уязвимых групп населения. В свою очередь Министр труда и социальной защиты населения РК Серик Шапкенов отметил ценность труда, как главной составляющей для социального-экономического роста государства и благосостояния народа, и необходимость привития у молодежи трудолюбия. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/276346...

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-astanasynda-zhalpy-a-orta-e-bek-o-amyna-atty-respublikaly-forum-tti-respublika-952761](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-astanasynda-zhalpy-a-orta-e-bek-o-amyna-atty-respublikaly-forum-tti-respublika-952761)