---
title: "Қазақстан Қарулы Күштерінің кіші сержанты бокстан әлем чемпионы атанды"
description: "Армия орталық спорт клубының кіші сержанты Біржан Жақыпов 49 килограмға дейінге салмақ дәрежесінде б..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-10-27T22:49:20+00:00"
modified: "2013-10-27T22:49:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-aruly-k-shterini-kishi-serzhanty-bokstan-lem-chempiony-atandy-381900"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-aruly-k-shterini-kishi-serzhanty-bokstan-lem-chempiony-atandy-381900/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Қарулы Күштерінің кіші сержанты бокстан әлем чемпионы атанды

> Армия орталық спорт клубының кіші сержанты Біржан Жақыпов 49 килограмға дейінге салмақ дәрежесінде б...

** Армия орталық спорт клубының кіші сержанты Біржан Жақыпов 49 килограмға дейінге салмақ дәрежесінде бокстан әлем чемпионы атанды. Біржан Жақыпов Қазақстан атынан алғышқы болып рингке шыққан болатын. Біздің спортшымыз алтын жүлде үшін Алжирлік Мохаммед Флиссимен болған жекпе-жекте үш раундтың қорытындысы бойынша 3:0 есебімен жеңіске жетті.**

Биылғы әлем чемпионатына 110 елдің спортшылары қатысты. Қазақстандық боксшылар төрт алтын медаль олжалап, бокстан әлем чепионатының жалпыкомандалық есебінде бірінші орынды иеленді.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

** **

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-aruly-k-shterini-kishi-serzhanty-bokstan-lem-chempiony-atandy-381900](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-aruly-k-shterini-kishi-serzhanty-bokstan-lem-chempiony-atandy-381900)