---
title: "Қазақстан Қарулы Күштері үздік әскери қалашықты таңдады"
description: "ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстан Қарулы Күштерінің өңірлік қолбасшылықтары, әскер тектері және гарн..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-11-26T00:13:33+00:00"
modified: "2013-11-26T00:14:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-aruly-k-shteri-zdik-skeri-alashy-ty-ta-dady-386773"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-aruly-k-shteri-zdik-skeri-alashy-ty-ta-dady-386773/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Қарулы Күштері үздік әскери қалашықты таңдады

> ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстан Қарулы Күштерінің өңірлік қолбасшылықтары, әскер тектері және гарн...

**

![Қазақстан Қарулы Күштері үздік әскери қалашықты таңдады](http://www.mod.gov.kz/mod-kz/images/stories/261113/2.jpg)

ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстан Қарулы Күштерінің өңірлік қолбасшылықтары, әскер тектері және гарнизондары арасында өткен «Үздік әскери қалашық» байқау-конкурсының қорытындысын шығарды.**

Қорғаныс министрлігінің байқау комиссиясы тұрғын үй және қызметтік қорлардың жай-күйін, сондай-ақ әскери қалашықтардың іргелес аумағын көркейтуді тексерді. Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы қабылдайтын шаралардың нәтижесінде әскери қызметшілердің тұру және тұрмыс жағдайларының жақсаруына қол жеткізгенін атап өткен жөн.

Байқау-конкурстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Ұлттық қорғаныс университетінің әскери қалашығы жеңіп алды (Щучинск қ.). Екінші орынды «Отар» әскери базасы еншілесе, үшінші орын «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөліміне бұйырды.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-aruly-k-shteri-zdik-skeri-alashy-ty-ta-dady-386773](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-aruly-k-shteri-zdik-skeri-alashy-ty-ta-dady-386773)