---
title: "Қазақстан Қарулы Күштері «Шығыс-2013» жаттығуын өткізуде"
description: "Бүгін Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының аумағында «Шығыс-2013» халықаралық жедел-стратегиялық..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-10-07T22:29:20+00:00"
modified: "2013-10-07T22:29:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-aruly-k-shteri-shy-ys-2013-zhatty-uyn-tkizude-378096"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-aruly-k-shteri-shy-ys-2013-zhatty-uyn-tkizude-378096/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Қарулы Күштері «Шығыс-2013» жаттығуын өткізуде

> Бүгін Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының аумағында «Шығыс-2013» халықаралық жедел-стратегиялық...

**

![Қазақстан Қарулы Күштері «Шығыс-2013» жаттығуын өткізуде](http://www.mod.gov.kz/mod-ru/images/stories/08102013-2/5.jpg)

Бүгін Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының аумағында «Шығыс-2013» халықаралық жедел-стратегиялық оқу жаттығуы басталады. Жаттығу 8-қазанда басталып 14 қазанда аяқталады. Оған Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов жетекшілік етеді.**

Жаттығу бір мезетте Шығыс, Көктал, Изенді және Майлин полигондарында басталады. Оқу-жаттығуға Құрлық әскерлерінің құрамалары: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері, мотоатқыштар, артиллерия бөлімшелері, Аэроұтқыр әскерлердің бөлімдері, сондай-ақ Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің авиациясы қатысады.

ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттер жауынгерлік басқару органдары арасында тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты нығайту мақсатында оқу-жаттығуға Ресей Федерациясының Қарулы Күштерінен жедел топ тартылатын болады.

Командалық-штабтық нысанда өтетін оқу-жаттығу барысында басқару органдары өздерінің тұрақты орналасу пункттерінде бағынысты құрамалар мен бөлімдерді басқару жөніндегі оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтайды.

«Шығыс-2013» оқу-жаттығуын өткізу барысында әскерлер жауынгерлік даярлығының жоспарлы іс-шаралары: бригадалық және батальондық тактикалық оқу-жаттығулар, артиллерия бөлімшелерінің оқу-жаттығуларыұшу-тактикалық оқу-жаттығулар, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің тактикалық жаттығулары өтеді.

Басқару органдарының күштері басқару органдарының шартты қарсылас әскерлер топтамасын жою жөніндегі бірлескен іс-қимылдар кезіндегі жедел үйлесімділігін пысықтау өткізілетін оқу-жаттығу негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Жаттығу қорытындысы бойынша Бас штаб басшылығы Қарулы Күштерді басқару жүйесінің жай күйін тексеріп бағалайтын болады.

Оқу-жаттығу шаралары басқару органдары мен әскерлерді бір мезетте белгіленген уақытта жауынгерлік әзірлікке тұрғызумен басталып, жоспарланған оқу-жауынгерлік тапсырмаларын орындап болған соң алдағы аптаның ортасында аяқталмақ.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-aruly-k-shteri-shy-ys-2013-zhatty-uyn-tkizude-378096](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-aruly-k-shteri-shy-ys-2013-zhatty-uyn-tkizude-378096)