---
title: "Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының ҚХР-ға ресми сапары"
description: "Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы күштері Бас штаб бастығы генерал-полковн..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-06-03T23:05:11+00:00"
modified: "2013-06-03T23:05:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-aruly-k-shteri-bas-shtaby-basty-yny-hr-a-resmi-sapary-355891"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-aruly-k-shteri-bas-shtaby-basty-yny-hr-a-resmi-sapary-355891/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының ҚХР-ға ресми сапары

> Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы күштері Бас штаб бастығы генерал-полковн...

**

![Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының ҚХР-ға ресми сапары](http://www.mod.gov.kz/mod-kz/images/stories/04062013-2/site.jpg)

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы күштері Бас штаб бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың Қытай Халық Республикасына үш күндік ресми сапары аяқталды. **

Бұл сапар Қазақстан мен Қытай министрліктері арасындағы екі жақты ынтымақтастық жоспарына сәйкес, сондай-ақ Қытай Халықтық- азат ету армиясы Бас штабының бастығы генерал-полковник Фан Фэнхояның шақыруы бойынша жүзеге асырылды.

Сапар барысында генерал Жасұзақов ҚХР Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары генерал-полковник Фань Чанлунмен, Синьцзян және Чендус әскери округтерінің қолбасшыларымен кездесті.

Сондай-ақ, сапар шеңберінде Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының бастығы Қытай Халықтық- азат ету армиясының Ұлттық қорғаныс академиясында болып, саяси комиссар генерал-полковник Лю Ячжоумен кездесті, аталған оқу орнының тыңдаушыларына дәріс оқыды.

Ресми сапар қорытындысы бойынша Қытай Халық-Азат ету Армиясы Бас штабының бастығы генерал-полковник Фан Фэнхоянмен болған кездесуде екіжақты ынтымақтастық, ШЫҰ шеңберіндегі өзара іс-қимыл, әскери-техникалық ынтымақтастық, әскери білім және сержанттар құрамын даярлау мәселелелері талқыланды.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-aruly-k-shteri-bas-shtaby-basty-yny-hr-a-resmi-sapary-355891](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-aruly-k-shteri-bas-shtaby-basty-yny-hr-a-resmi-sapary-355891)