---
title: "«Қазақстан» арнасы «Қазақстан Барысы-2015» турнирінің финалын тікелей эфирде көрсетеді"
description: "4 шілдеде Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде қазақ күресінен Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасы..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-06-29T14:09:36+00:00"
modified: "2015-06-29T14:09:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-arnasy-aza-stan-barysy-2015-turnirini-finalyn-tikeley-efirde-k-rsetedi-517574"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-arnasy-aza-stan-barysy-2015-turnirini-finalyn-tikeley-efirde-k-rsetedi-517574/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақстан» арнасы «Қазақстан Барысы-2015» турнирінің финалын тікелей эфирде көрсетеді

> 4 шілдеде Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде қазақ күресінен Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасы...

**4 шілдеде Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде қазақ күресінен Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» турнирінің финалдық белдесулері өтеді. Жарыс нәтижесінде қазақ турнирдің 2015 жылғы жеңімпазы анықталады.**

**

![«Қазақстан» арнасы «Қазақстан Барысы-2015» турнирінің финалын тікелей эфирде көрсетеді](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/9d5tXqdx1I5E87W1cqA3XNvRTZh42Y.jpg)

**

Дүбірлі доданы «**KAZsport**» телеарнасы **4 шілде күні 12:50-ден** бастап барлық белдесулерді тікелей эфирде көрсетеді.

Сонымен қатар, жарыстың финалдық кездесулері «**Қазақстан**» Ұлттық телеарнасында **17:45-те** тікелей эфирде көрсетіледі.

Финалда іріктеуден өткен 32 спортшы мен 2014 жылғы «Қазақстан Барысы» бақ сынайды. Жарыстың жеңімпазы 150 мың АҚШ долларын, автокөлік, чемпиондық белбеу мен алтын «Тайтұяқ» иеленеді.

*«Қазақстан Барысы-2015» турниріне қатысатын палуандар тізімі:*

- Ақмола облысы: Нұрлан Жамалов, Әсет Жүнісов

- Ақтөбе облсы Бақтыбай Кісіков, Шыңғыс Шоқпұтов

- Алматы облысы: Александр Касачев, Қазыбек Рамазанов

- Атырау облысы: Табиғат Мағауияұлы, Наурызбек Өтеуов

- Батыс Қазақстан облысы: Ерлан Мұсағалиев, Олжас Сүлейменов

- Жамбыл облысы: Айбол Айтбек, Бейбіт Ыстыбаев

- Қарағанды облысы: Ержан Шынкеев, Асыл Бәрменов

- Қызылорда облысы: Нұрым Сәлімгереев, Руслан Әбдіразақов

- Қостанай облысы: Ерлан Омаров, Максим Гербер

- Маңғыстау облысы: Нұрдәулет Жарлығапов, Мейрамбек Жанабай

- Оңтүстік Қазақстан облысы: Жұманазар Ерсұлтанов, Нұрсұлтан Мынғышов

- Павлодар облысы: Арман Махамбетов, Алан Тұрысов

- Солтүстік Қазақстан облысы: Рустем Жұмаев, Төлеген Жетпісбаев

- Шығыс Қазақстан облысы: Айбек Нұғымаров, Талғат Әміренов

- Алматы: Мақсат Кікімов, Бақыт Исмағұлов

- Астана: Ғани Сейділдаев, Айбат Сейтен

- «Қазақстан Барысы-2014» Мұхит Тұрсынов.

Бабы мен бағы қатар шапқан мықтыны анықтайтын кез келді, ағайын. «Қазақстан» телерадиокорпорациясымен бірге жанкүйер болып, жарыс көркін қыздырып, дем бере отырайық!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-arnasy-aza-stan-barysy-2015-turnirini-finalyn-tikeley-efirde-k-rsetedi-517574](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-arnasy-aza-stan-barysy-2015-turnirini-finalyn-tikeley-efirde-k-rsetedi-517574)