---
title: "Қазақстан армиясында әскерлерді қорытынды тексеру басталды"
description: "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде 2013 оқу жылы үшін әскерлерді қорытынды тексеру басталды..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-10-24T04:51:07+00:00"
modified: "2013-10-24T04:51:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-armiyasynda-skerlerdi-orytyndy-tekseru-bastaldy-381356"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-armiyasynda-skerlerdi-orytyndy-tekseru-bastaldy-381356/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан армиясында әскерлерді қорытынды тексеру басталды

> Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде 2013 оқу жылы үшін әскерлерді қорытынды тексеру басталды...

**

![Қазақстан армиясында әскерлерді қорытынды тексеру басталды](http://www.mod.gov.kz/mod-ru/images/stories/24102013/1.jpg)

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде 2013 оқу жылы үшін әскерлерді қорытынды тексеру басталды. Оның нәтижесі бойынша әскер түрлері мен тектерінің үздік құрамалары мен бөлімдері анықталатын болады.**

Тексеруге Қазақстан әскері жеке құрамының 100 % қатысады. Басқару органдары өз бағынысты бөлімшелерінде әскери қызметшілердің барлық жауынгерлік және кәсіптік даярлық пәндері бойынша машықтану деңгейін тексереді.

ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу орталығында офицерлер мен сержанттар атыс қаруынан оқ ату бойынша шеберліктерін көрсетті, БМП-дан және Т-72 танкісінен штаттық снарядпен жауынгерлік оқ атумен тактикалық іс-қимылдарды пысықтады.

- Қорытынды тексеру кезінде әрбір әскери қызметші жоғары нәтиже көрсетуі тиіс. Тексеру кезінде жеке құрам ұйымдасқан түрде үйлесімді қимылдап, тамаша дене, жұмылдыру және тактикалық даярлығын көрсетті, - деп ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Әмір Халықов атап өтті.

ҚР Қарулы Күштері құрамалары мен әскери бөлімдерінің қорытынды тексерулері 2013 жылғы 2 қарашада аяқталады. Қорытынды тексерудің нәтижелері әскер түрлері мен тектері бойынша жүргізіліп, жауынгерлік сайыстың озаттары көтермеленетін болады. Ағымдағы жыл қорытындысы шығарылған соң Қазақстан армиясының келесі оқу кезеңіне міндеттері айқындалатын болады.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-armiyasynda-skerlerdi-orytyndy-tekseru-bastaldy-381356](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-armiyasynda-skerlerdi-orytyndy-tekseru-bastaldy-381356)