---
title: "Қазақстан ақыры бірыңғай уақыт белдеуіне көшетін болды"
description: "Осы мәселе былтырдан бері қозғалып келген еді. Яғни бірыңғай уақытқа көшу керек деп, сол тұрғыда..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-01-19T09:27:57+00:00"
modified: "2024-01-19T09:27:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-a-yry-biry-ay-ua-yt-beldeuine-k-shetin-boldy-1000076"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-a-yry-biry-ay-ua-yt-beldeuine-k-shetin-boldy-1000076/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан ақыры бірыңғай уақыт белдеуіне көшетін болды

> Осы мәселе былтырдан бері қозғалып келген еді. Яғни бірыңғай уақытқа көшу керек деп, сол тұрғыда...

Осы мәселе былтырдан бері қозғалып келген еді. Яғни бірыңғай уақытқа көшу керек деп, сол тұрғыда үкімет қаулысының жобасы дайындалды.

![Қазақстан ақыры бірыңғай уақыт белдеуіне көшетін болды](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/20b7eb6060f6c886d9c2f97308b8d2.jpg)

Қазір елімізде екі түрлі уақыт белдеуі бар. Батыс өңірлер басқа аймақтар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан бір сағат артта.

Бүгін Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда биыл 1 наурыздағы 00:00 сағаттан бастап бірыңғай уақыт белдеуі нақты белгіленетінін хабарлады. Енді басқа өңірлер батыс аймақтарға теңестіріліп, сағат тілін бір сағат артқа жылжытады.

«Қазақстан Республикасының аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 қаулысына енгізілген өзгертулерге сәйкес, «Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа қоюы керек», – делініпті аталған ведомство хабарламасында.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-a-yry-biry-ay-ua-yt-beldeuine-k-shetin-boldy-1000076](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-a-yry-biry-ay-ua-yt-beldeuine-k-shetin-boldy-1000076)