---
title: "Қазақстанға Париж қазақтарының «Paris Kazakspor» футболшылары келді"
description: "Астанаға Париж қазақтары ойнайтын «Paris Kazakspor» клубының футболшылары келді. Олар еліміздің төрт..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-06-10T00:22:25+00:00"
modified: "2015-06-10T00:29:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-a-parizh-aza-taryny-paris-kazakspor-futbolshylary-keldi-507970"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-a-parizh-aza-taryny-paris-kazakspor-futbolshylary-keldi-507970/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстанға Париж қазақтарының «Paris Kazakspor» футболшылары келді

> Астанаға Париж қазақтары ойнайтын «Paris Kazakspor» клубының футболшылары келді. Олар еліміздің төрт...

**Астанаға Париж қазақтары ойнайтын «Paris Kazakspor» клубының футболшылары келді. Олар еліміздің төрт ірі қаласында қазақстандық футбол командаларымен жолдастық кездесу өткізбек.**

**

![Қазақстанға Париж қазақтарының «Paris Kazakspor» футболшылары келді](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/79tx9leOGc87RqB1YGpL9O5ieKV3ww.jpg)

**

Бұл шара KAZsport телеарнасының көрермендері мен футболсүйер қауым үшін тамаша жаңалық болады деп сенеміз.

9 маусымда «Paris Kazakspor» футбол клубының 14 ойыншысы Астанадағы Жас батыр спорт кешенінің алаңында ойын өткізді. Ал, 11 маусым күні Қарағанды қаласында «Шахтердің» қосалқы командасымен сайысқа түседі.

Сонымен қатар, Франциядан келген қандастарымыз 15 маусымда Шымкент қаласына барып, «Ордабасының» қосалқы командсымен кездеспек. Ал, команданың 18 маусымда Алматыда ойнайтын қарсыласы әлі анықталмаған.

1986 жылы құрылған «Paris Kazakspor» футбол клубының бүгінде Франция футбол федерациясының жетінші лигасында ойнайтынын айта кетейік. Қандастарымыз «Париж» және «Иль-де-Франс» кубоктарын жеңіп алған.

![Қазақстанға Париж қазақтарының «Paris Kazakspor» футболшылары келді](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/2F7CNSbX3PfhBC5U5jzC9V4M52CFNf.jpg)

Командада барлығы 44 ойыншы бар, олардың 30-ы қазақ. Осыдан бес жыл бұрын кәсіби футбол лигасына кірді.

Топ мүшелерінің сөзіне қарағанда, олар тарихи отандарына деген бұл сапарды соңғы 3 жыл бойы жоспарлап келген екен.

«Қазақстанға келген 20 жігіттің бірде-бірі бұған дейін атамекендерінде болмаған. Бұл – бабалары шыққан мекенді көріп, футболған деген махаббатты қазақстандық спортшылармен бөлісу деген сөз. Бір жерге тоғысқан екі мүмкіндік!» - дейді «Paris Kazakspor» командасының жетекшісі Селжұқ Биыкли.

Сапарды Қазақстанның Франциядағы елшілігі ұйымдастырып отыр. Сонымен қатар, шараға бірқатар қазақстандық кәсіпкерлер демеушілік көрсетіп отыр.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-a-parizh-aza-taryny-paris-kazakspor-futbolshylary-keldi-507970](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-a-parizh-aza-taryny-paris-kazakspor-futbolshylary-keldi-507970)