---
title: "Қазақстан - 46-орында"
description: "01.11.12. Legatum британдық тәуелсіз зерттеу орталығы 2011 жылдың қорытындысы бойынша «Өркендеу ..."
author: "AIKYN"
published: "2012-10-31T23:30:55+00:00"
modified: "2012-10-31T23:30:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-46-orynda-299726"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-46-orynda-299726/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан - 46-орында

> 01.11.12. Legatum британдық тәуелсіз зерттеу орталығы 2011 жылдың қорытындысы бойынша «Өркендеу ...

** ****01.11.12. **** ****Legatum британдық тәуелсіз зерттеу орталығы 2011 жылдың қорытындысы бойынша «Өркендеу рейтингісі - 2012» атты жаһандық рейтингтік көрсеткіштерді жариялады.**** **

****

Қазақстан аталмыш рейтингте 4 сатыға жоғарылап, 144 мемлекеттің ішінде 46-орынға табан тіреді. Айта кетерлігі, қазақ елі ТМД елдерінің қатарында үздік көрсеткішке ие болып отыр. Өткен жылы 110 мемлекеттің қата­рында 50-орынды місе тұтқан едік. Ал биыл өркендеу һәм гүлдену рейтингiсін­де ТМД елдерін басып озып, алдыңғы қатардан көріндік. Зерттеу институтының ақпаратына жүгінсек, Ресей 7 сатыға төмендеп, 66-орынды місе тұтса, Украина - 71, Белоруссия - 54, Өзбекстан - 64, Моң­ғолия - 59 және Қырғызстан - 88 орын­ға жайғасты. Ал Норвегия, Дания, Швеция мемлекеттері үздік үштікке енсе, Австралия, Жаңа Зеландия, Канада, Финляндия, Нидерландия, Швейцария, Ирландия да рейтингте үздік деп та­нылған мемлекеттердің қатарында. Сонымен қатар Legatum британдық тәуел­сіз зерттеу орталығының өркендеу рейтингісі 8 дәреже бойынша мемле­кет­тердің жеткен жетістіктерін саралайды. Мәселен, Қазақстан «экономика қуат­ты­лығы» жағынан 54-орынға табан тіресе, «іскерлік әл-ауқат» дәрежесінде 59-орын­да. Сондай-ақ «білім беру жүйесі» бойынша 43-орын, «денсаулық сақтау деңгейі» дәрежесінде 60-орын, «қауіп­сіздік һәм заңның үстемдігі» бойынша 53-орын, «адам бостандығы» дәрежесінде 43-орын, «әлеуметтік капитал» жағынан 37-орын Қазақстанға бұйырды. **Әйгерім БАҚЫТҚЫЗЫ **

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-46-orynda-299726](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-46-orynda-299726)