---
title: "«Қазақстан 2050» стратегиясының жүйелік түсініктері"
description: "«Қазақстан - 2050» стратегиясында президент көптеген ұғымдар мен идеологиялық парадигмаларды атап ай..."
author: "AdilNazar"
published: "2014-08-17T06:18:00+00:00"
modified: "2014-09-02T06:25:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-2050-strategiyasyny-zh-yelik-t-sinikteri-427835"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-2050-strategiyasyny-zh-yelik-t-sinikteri-427835/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақстан 2050» стратегиясының жүйелік түсініктері

> «Қазақстан - 2050» стратегиясында президент көптеген ұғымдар мен идеологиялық парадигмаларды атап ай...

«Қазақстан - 2050» стратегиясында президент көптеген ұғымдар мен идеологиялық парадигмаларды атап айтты. Олардың кейбіреуін қарастырып көрейік.

**"Қазақстан 2050" стратегиясының категориялық түсініктері: жүйелік түсініктер**

2012 жылдың 14 желтоқсаны. Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына өзінің Жолдауын жариялады.

Осыған байланысты «Қазақстан-2050» жаңа Стратегиясын жүзеге асырудың бастамасы жаңа Жолдауда қолданылған категориялық аппаратты жүйелеу мен мақсатын түсінуді қамтамасыз етті.

Бұл терминологиялық анықтамалық ел президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» страте­гиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында қолданылған негізгі ұғымдар мен терминдерді түсіндіру мақсатында жасалған.

Анықтамалықта 100-ге жуық ұғымдар енгізілген, олар – жүйелік түсініктер; экономика; әлеуметтік саясат және мемлекеттік басқару; дін, тарих, қазіргі заман; геосаясат және қауіпсіздік деген бес бөлімге бөлінген. Басылымды дайындауға қоғамтанушы ғалымдар мен сарапшы қауымдастық өкілдері қатысты.

Біз тек жүйелік түсініктерін талдап көрдік.

- Алдымен – экономика, содан соң – саясат

- Басқарылатын болжам

- Дүниетанымдық серпіліс

- Елбасы

- Жалпыға ортақ берекелі қоғам (мемлекет)

- Жаһандық дағдарыс

- Қазақстандық жол

**Алдымен – экономика, содан соң – саясат**

Президенттің бұл сөздері 2005 жылдың 18 ақпанындағы

«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңғыру жолында» атты оныншы Жолдауында келтірілген. Әлеуметтік және саяси жаңғырудың сенімді негізі ретіндегі экономиканы нығайту дегенді білдіреді.

> «...басқа елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, демократия дегеніміз қоғамның барлық топтары үйренуге тиіс-барынша ұзақ процесс. Көптеген елдердің ғасырлар бойы қалыптасқан либералдық дәстүрлері бар, алайда олар шырқау биігіне әлі де жете қойған жоқ. Біз бәрін жоқтан бастаған едік және демократияның өзі – адамның ой-санасы мен мінез-құлық мәдениеті екенін ұмытпағанымыз жөн» *«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңғыру жолында»*

**Басқарылатын болжам**

> *Қабылданатын шешімдерді оптимизациялау мақсатындағы объектінің мүмкін болатын жай-күйін бағалауға*басқарылатын құбылыстарды болжаудың методологиялық бағдары (көп жағдайда әлеуметтік). Сәйкесінше ізденістік және нормативтік болжаулар жасалынады. *Терминологиялық сөздік*

**Дүниетанымдық серпіліс**

> Бұл түсінік философиялық мағынада қоршаған ортаны түсінудің радикалды трансформациясын және ескі мәселелерге жаңадан қарап, жаңа мәселелердің орынды шешімін табуға мүмкіндік беретін сана мен рух өрістерінің кеңеюін білдіреді. *Терминологиялық сөздік*

**Елбасы**

> Көп жағдайда – «ұлт көшбасшысы» термині қолданылады. Сайланатын немесе тағайындалатын лауазымды тұлға шеңберінен шыққан және мемлекеттің тарихына, оның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосатын жетекші ретінде танылған саяси фигураны білдіреді. *Терминологиялық сөздік*

**Жалпыға ортақ берекелі қоғам (мемлекет)**

> Әрбір азаматтың берекелі өмір сүру деңгейіне жетуі үшін, әлеуметтік теңсіздікті азайтып, қажет ететін азаматтарға көмек көрсету үшін әлеуметтік әділеттілік принципіне сай материалдық игілікті бөлетін саяси жүйе. *Терминологиялық сөздік*

**Жаһандық дағдарыс**

> Әлемдік деңгейдегі адамзат өрекниетінің түрлі салаларындағы дағдарыс. : саясатта, идеологияда, әлемдік экономикада, әлемдік қаржы жүйесінде,ғылым мен техникада, экологияда. *Терминологиялық сөздік*

**Қазақстандық жол**

> Қазақстан дамуының ерекше үлгісін сипаттайтын анықтама. Т*ерминологиялық сөздік*

Жалғасы бар.

["Қазақстан - 2050" стратегиясының ресми сайтының](http://strategy2050.kz/) материалдары бойынша жасалған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-2050-strategiyasyny-zh-yelik-t-sinikteri-427835](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-2050-strategiyasyny-zh-yelik-t-sinikteri-427835)