---
title: "«Қазақстан — 2050» стратегиясының экономикалық түсініктері"
description: "Осы постта мен \"Қазақстан - 2050\" стратегиясының кейбір экономикалық түсініктерін қарастырдым: аутсо..."
author: "Nurayim_B"
published: "2014-08-21T10:36:00+00:00"
modified: "2014-09-02T06:29:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-2050-strategiyasyny-ekonomikaly-t-sinikteri-427831"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-2050-strategiyasyny-ekonomikaly-t-sinikteri-427831/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақстан — 2050» стратегиясының экономикалық түсініктері

> Осы постта мен "Қазақстан - 2050" стратегиясының кейбір экономикалық түсініктерін қарастырдым: аутсо...

Осы постта мен "Қазақстан - 2050" стратегиясының кейбір экономикалық түсініктерін қарастырдым: аутсорсинг, болашақ энергиясы, дағдарысқа қарсы басқару және әрекет ету, жаңа технологиялық толқын, жаңа жібек жолы, жасыл экономика, жаһандық инфрақұрылымдық интеграция, инновациялық технологиялар паркі, көмірсутекті экономика дәуірі мен Қазақстанда инновациялардың даму сценарийі.

**Аутсорсинг**

«Аутсорсинг» ағылшын тілінің үш сөзінен тұрады:*outer* – сыртқы, *source* – қайнар көз, *using*– қолдану.

Оның мәні қаражаттарды үнемдеуде, яғни белгілі бір ұйым жаңа құрылымдық бөлімшелерді қолдау, кеңейту немесе құрудың орнына, өзінің жеке инфрақұрылымы мен штатын ұстауға қарағанда төлемақысы төмен болып келетін арнайы фирмаларға жүгінуі.

**Болашақ энергиясы**

Болашақ энергиясы – жалпы мағынада, Үшінші индустриалды төңкерістің негізін құрайтын, энергетикалық жүйенің дизайнын, сипаттамасын білдіретін термин.

**Дағдарысқа қарсы басқару және әрекет ету**

Дағдарыс кезеңінде теңгерімсіздік және үйлесімсіздік жағдайында экономикалық жүйелерді басқару жағымсыз құбылыстардың кері салдарларының алдын алу және оларды жоюдың тәжірибелік дағдыларын меңгеруді талап етеді. Дағдарысқа қарсы басқарудың ерекшелігі шектелген қаржылық қаражат, белгісіздік пен қатердің жоғары деңгейі жағдайында күрделі басқару шешімдерін қабылдау қажеттілігімен байланысты.

**Жаңа технологичлық толқын**

Бұл экономиканың технологиялық бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын экономиканың ғылыми сыйымдылықты салаларына өту.

**Жаңа жібек жолы**

Бұл Еуропа мен Азия елдерінің экономикалық интеграциясының негізі болып келетін инновациялық транспорттық инфрақұрылымның үлгісі. Халықаралық деңгейдегі «Жаңа жібек жолы» жобасын жүзеге асыру «5С қағидасына» – жылдамдық, қызмет көрсету, құн, сақтау және тұрақтылық қағидаларына негізделген.

**Жасыл экономика**

Қоршаған орта бойынша БҰҰ Бағдар-ламасының (UNEP) анықтамасына сәйкес – бұл бір уақытта экологиялық ресурстардың тапшылығы мен қоршаған орта үшін тәуекелдерді төмендетіп, адамдардың ауқаттылығын жақсартатын және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ететін экономика.

**Жаһандық инфрақұрылымдық интеграция**

Қазақстандық өнімдер мен қызметтерге ұзақ мерзімді сұраныс болатын әлемдік нарықтарға экспортты жоғарылату мақсатында, ҚР шекарасынан тыс жерлерде өндірістік транспорттық-логистикалық объектілерді құру арқылы Қазақстанның транспорттық-транзиттік дамуы бойынша Үкіметтің әзірленіп жатқан Бағдарламасы. Аталған бағдарлама аясында, бірлескен кәсіпорындарды, мысалы, көлге тікелей шығу жолы бар елдерде порттарды, әлемнің негізгі транзиттік нүктелерінде транспортты-логистикалық тораптарды, ҚР көршілес аудандарда ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлем бойынша – Еуропада, Азияда, Америкада құру жоспарлануда.

**Инновациялық технологиялар паркі**

Бұл ақпараттық инфрақұрылымның ерекше алаңы, ол алаң территориясында жұмыс істейтін команияларға жеңілдік және салықтық режимдерді қамтамасыз етеді.

> 2011 ж. бастап Инновациялық технологиялар паркінде 95 жаңа компания тіркелген. Нәтижесінде ИТП-нің қатысушыларының саны 152 компанияға жетті, осы компаниялардың жобалары 15 мың жаңа жұмыс орындарын құрады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/nurayim_b/x0gE50Z2Lv7E9F1x35XH1AL4v2Xhj0.jpg)

**Көмірсутекті экономика дәуірі**

Көмірсутекті (отын) ресурстарды – мұнай, газ және конденсатты, сонымен бірге, барлау және әзірлеу заманауи сыналған техникалық құрылғылар мен технологиялардың бар болуы жағдайында мүмкін, кен орындарындағы көмірді пайдалануға негізделген экономика.

**Қазақстанда инновациялардың даму сценариі**

Сценарийлік жоспарлау болашақты жоспарлау, мемлекетті ықтимал сыртқы өзгерулерге дайындауды іске асыруға және болып жатқан өзгерістерден қажетті тиімділіктерді алуға мүмкіндік беретін құралдар мен технологияларға жататын стратегиялық жоспарлаудың бөлігі болып табылады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-2050-strategiyasyny-ekonomikaly-t-sinikteri-427831](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-2050-strategiyasyny-ekonomikaly-t-sinikteri-427831)