---
title: "«Қазақстан – 2050» стратегиясы қалай пайда болды"
description: "Президенттің мемлекет дамуындағы осы сатыны белгілеуі неге байланысты? Қандай басымдылықтар мен мақс..."
author: "Nurayim_B"
published: "2014-08-13T07:18:00+00:00"
modified: "2014-09-02T06:20:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-2050-strategiyasy-alay-payda-boldy-427827"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-2050-strategiyasy-alay-payda-boldy-427827/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалай пайда болды

> Президенттің мемлекет дамуындағы осы сатыны белгілеуі неге байланысты? Қандай басымдылықтар мен мақс...

**Президенттің мемлекет дамуындағы осы сатыны белгілеуі неге байланысты?** **Қандай басымдылықтар мен мақсаттар қойылды?**

Барлық дамыған елдер өз даму стратегияларын жетілдірген XXI ғасыр ортасы келе жатыр. Осыған орай ел басы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамуын анықтады.

«Қазақстан - 2030» атты бірінші саты мемлекеттің дамыған елдер индустриалды кезеңде өткен толықтай жаңдануын ұйғарды. Ел басы өз жолдауында Оңтүстік Корея мен Сингапур тәрізді күрт дамудан өткен елдерді мысалға алды.

Қазір 2030 жылға дейінгі кезеңде қазақстандық экономиканың дәстүрлі салаларын дамыту мен өндіретін индустрияны қалыптастыру жоспарланған.

«Қазақстан - 2050» атты екінші саты ғылымды қажетсінетін экономикаға өтумен сипатталады. Ол робототехника, мобильді, мультимедиаялық, нано- және ғарыштық технологиялар, генді инженерия, энергияның балама көздерін және экологиялық энергетикалық техниканың дамуын қажет етеді.

2012 жылдың 16 желтоқсан күні, тәуелсіздіктің 20-жылдық мейретойында, президент Қазақстан халқына жолдауын айты. Жолдауда ол Қазақстан 2030 бағдарламасын жүзеге асырудың алдын-ала қорытындыларын жинақтап, елдің осы кезге дейінгі жоспралы дамудың тиімділігіне ерекше назар аударды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/svetlana_a/VxSlzuxMnJPicD1DofpQ4aK3t213P2.jpg)

Өз жолдауында қорытындыларды атап өткен соң, президент еліміз бен аймақтың жаңа ХХI ғасыр мәселелерін анықтап айтты. Олардың арасында: әлемдік демографиялық дисбаланс және онымен тығыз байланысты азық-түліктік қауіпсіздігінің қатері, су, энергия тапшылығы мен табиғи ресурстар ақырлығы, әлеуметтік тұрақсыздық, өркениеттік құндылықтардың дағдарысы және жаңа әлемдік тұрақсыздық қауіп-қатері. Сонымен бірге, президент «Қазақстан - 2030» стратегиясы тәріздес, уақыт өте және жағдай өзгере салысымен түзетілер енгізілмек.

Бағдарлама толықтай жоғарыда аталған қауіпсіздік қатерлеріне сәйкес жетілдірілген. Барллық мемлекеттік іс-ірекет салаларының орнықты даму үшін жүзеге асырылатын мақсаттар анықталды.

Осыған орай, ел басы атап өткендей, осы жаңа қатерлердің бәріне лайықты жауап беретін сапалы жаңа бағдарлама қажет. «2050 жыл – жай бейнелі дата емес. Бұл бүгінде әлемдік қауымдастық бағдар ұстап отырған нақты мерзім», - деді президент. БҰҰ, мысалы, Өркенитеттердің 2050 жылға дейін әлемдік даму болжауын өңдеді, Әлемдік азық-түлік ұйымы да өз болжамдық баяндамасын осы уақытқа белгіледі.

Президент санағандай, 2050 жылға дейінгі бағдарлама жаңа жағдайларға сай бейімделсе де, әуелгісінің қисынды жалғасы болып табылады: ««Қазақстан – 2050» стратегиясы – ол «Қазақстан - 2030» стратегиясының жаңа сатыдағы үйлесімді дамуы».

** **

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-2050-strategiyasy-alay-payda-boldy-427827](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-2050-strategiyasy-alay-payda-boldy-427827)