---
title: "«Қазақстан — 2050»: мақсаттар, қатерлер, жаңа саясат"
description: "Осы ғасырдың әлемдік қатерлері \"Қазақстан - 2050\" стратегисын құруды талап етті, оның жаңа экономика..."
author: "Nurayim_B"
published: "2014-08-14T10:16:00+00:00"
modified: "2014-09-02T06:23:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-2050-ma-sattar-aterler-zha-a-sayasat-427828"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-2050-ma-sattar-aterler-zha-a-sayasat-427828/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақстан — 2050»: мақсаттар, қатерлер, жаңа саясат

> Осы ғасырдың әлемдік қатерлері "Қазақстан - 2050" стратегисын құруды талап етті, оның жаңа экономика...

**Осы ғасырдың әлемдік қатерлері "Қазақстан - 2050" стратегисын құруды талап етті, оның жаңа экономикалық және жастар саясаты белгіленген.**

1. Тарихи уақыттың жылдамдауы

Ол үдемелі ғаламдық трансформацияны білдіреді. Бұрын жүзжылдықтар бойы болып келген өзгерістер, қазір ана сүтімен сіңеді. Балалар планшеттерді 5 жасынан ұғады, мектеп оқушылары кәсіпкерлікпен айналысып, Y замандастары жұмыс орындарына сенімді таласуда.

Бұл тездету көптеген мүмкіндіктер мен жағымды жақтарды әкеледі, алайда қазірдің өзінде глобализация үрдісіне бірікпеген әлеуметтік топтар бар. Сондықтан «Қазақстан – 2050» халықтың барлық топтарына модернизацияға енуіне мүмкіндіктер береді.

2. Демографиялық дисбаланс

Осы мәселеге мысал ретінде жиі «қартайып келе жатқан ұлт» Германияны келтіреді, бұл елде адамдар мансаппен айналысып, 40-тан жасы асқан адамдар саны 15-тен кем жастардан көп. Ол еңбек нарығының мәселесін тудырып, эмиграция және одна да терең мәселелерді тудырады.

Қазақстан ұлтының орташа жасы 35, ол өте жоғары әлеуетке ие жас ұрпақ.

3. Әлемдік азық-түлік қауіпсіздігінің қатері

Әрдайым халық өсуі көптеген аймақтардағы азық-түліктің өткір тапшылығына әкеп соғады. Әлемнің миллиондаған адамдары аштықта өмір сүреді.

Қазақстан бұл мәселені шешуге қатыса алушы еді, өйткені ол ең ірі астық өндірушілер қатарына жатады.

4. Су тапшылығы

2050 жылға таман көптеген елдер суды шеттен әкелуге мәжбүр болады. Қазақстанда да көптеген аймақтар ішетін су тапшылығын кешуде. Қытаймен трансшекаралық өзендер мәселесі бар.

5. Энергия тапшылығы

Дамыған елдер балама энергия көздеріне белсенді инвестициялар құюда, осы жүзжылдықтың ортасына қарай олар пайдаланылатын энергияның 50%-ын өндіреді. ЭКСПО-2017 көрмесі сол бағыттың дамуына түрткі береді.

6. Табиғи ресурстардың бітуі

Қазақстан табиғи ресуртарға ендігі уақытта тәелді бола алмайды, жаңа көздерді енгізудің уақыты келді.

7.Үшінші индустриалды төңкеріліс

Соңғы жыдардың технологиялық ашалымдары өмір салтын өзгеруде, Қазақстан бұл үрдістерге белсенді қатысу қажет.

8. Ұлғаятын әлеуметтік тұрақсыздық

Әлеуметтік теңсіздік тұрақсыздықты тудырады. Жұмыссыздық наразылықты, қылмыскерлік пен басқа мәселлерді арандатады. Қазақстан болса әлеуметтік тұрақтылықты беріктеп, қажетті кадрларды дайндаумен айналысуы керек.

9. Өркениеттік құндылықтардың дағдарысы

Егер сіз Хантингтонның «Өркениеттер соқтығысын» оқыған болсаңыз, онда не туралы екенін түсінесіз. Оный ойынша, өркениеттер қайшылықтары адами құндылықтардан терең және әрдайым соқтығусыларға әкеледі.

10. Бүкіләлемдік тұрақсыздық қатері

Әлемдік қаржылық дағдарыс әлі де өзін ұмытпауға себепкер, оның сценарийі әлі де қайталану мүмкін. Осыған байланысты Қазақстан деректі ойланған саяси және экономикалық беталыс жасап, кез келген оқиға болатынына дайын болу керек.

**"Қазақстан -2050" стратегиясындағы жаңа экономикалық саясат**

«Қазақстан - 2050» стратегиясы мемлекеттік салалардың тиімді жаңдануы үшін жасалды. Әрине, бұл жағдайда, экономика ең маңызды аспект болып табылады.

Стратегияда жалпы 7 бағыт анықталды: басқару, энергетика, экология, ғылымды қажет ететін экономика, адамзаттық капитал, қалаларға шоғырлану мен халықаралық интеграция.

Ел басы өзінің халыққа жолдауында:

> Мен әлемнің озық елдері арасындағы Отанымыздың лайықты Болашағы ғана қазақстандықтарды мәңгілікке біріктіретініне сенімдімін.Бүгін мен дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарымызды ұсынғым келеді. Менің тапсырмам бойынша Үкімет нақты тұжырымдама жобасын жасады. Осы Жолдаудағы менің тапсырмаларым ескеріле отырып жөнделгеннен кейін түпкілікті бекітілетін бұл құжатты жалпы алғанда қолдадым. Көптеген болжамдар бойынша, алдағы 15-17 жыл Қазақстанның ауқымды серпілісі үшін «мүмкіндіктер көзі» болмақ. Бұл кезеңде сыртқы ортаның қолайлылығы, ресурстарға, энергияға және азық-түлікке сұраныстың артуы, Үшінші индустриялық төңкерістің пісіп-жетілуі сақталады. Біз бұл кезеңді пайдалана білуге тиіспіз.

Осыған байланысты президент басты жететін көрсеткіштерді анықтады:

> Экономикада ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы өсімін 4 пайыздан кем қылмау жоспарлануда. Инвестиция көлемін қазіргі 18 пайыздан бүкіл ішкі жалпы өнім көлемінің 30 пайызына дейін ұлғайту керек. Экономиканың ғылыми қамтымды моделін енгізу Қазақстанның экспорттық әлеуетіндегі шикізаттық емес өнімнің үлесін 70 пайызға дейін арттыру мақсатын көздейді.

Сонымен, 2050-ге дейінгі қалған жылдар жеті бесжылдыққа бөлінеді, олардың әрқайсысы бір мақсат – дамыған 30 елдің қатарына кіру мәселесін шешеді. Экономиканың жоғары технологиялық жаңа салаларын құру ғылымды қаржыландыруды ішкі жалпы өнімнің 3 пайызынан кем емес деңгейге дейін арттыруды талап етеді.

Ішкі жалпы өнімнің энергия тұтыну ауқымын 2 есе азайту маңызды. Шағын және орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20 пайызы орнына кемінде 50 пайызын өндіретін болады. Еңбек өнімділігін 5 есеге – қазіргі 24,5 мыңнан 126 мың долларға дейін арттыру керек.

Президент айтқандай, шетелдерден инвестиция алуды толықтай елімізге білім мен жаңа технологиялар трансферттеу үшін пайдалану қажет. Шетелдік компаниялармен бірге жобалық және инжинирингтік орталықтар құру қажет. Бізге ірі мұнай-газ және тау-кен металлургиялық нысандарында жұмыс істейтін жетекші трансұлттық компанияларды олар осында өз қажеттілігі мен сервисін қамтамасыз ету үшін өндірістер құруға шақырғанымыз жөн. Мен кейбір ірі компаниялардың бұған дайын екендігін білемін. Үкімет осы мәселені қайта пысықтап, қажет болған жағдайда бұл үшін барлық жағдайды жасағаны жөн. Жабдықтарды өз елімізде өндіруімізге де болатын кезде шет елден тасымалдаудың қажеті жоқ.

Стратегияның басты бағыттары осыдай. Олардың көбісі қазіргі кезде алғашқы жетістіктерін және жемістерін беріп жатыр.

Мысалы, Қытай Жоңғар өтпелінде жел энергетикалық станцияларын салуға инвестициялар құюға дайын. Түрік кәсіпкерлері Алматыдаға текстильмен қызығады. Жалпы инвестициялар көлемі соңғы жартыжылдықта 5%- ға өсті.

Жастар саясатын дамыту үшін қандай іс-шаралар қолданылды және ол «Қазақстан - 2050» стратегиясына сәйкес қала» кейін қалай дамиды?

Ұлтымызды Еуропаның «қартайып келе жатқан» елдеріне жатқыза алмаспыз, әрбір екінші қазақстандық 30 жастан кіші.

Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде Қазақстанның жастар саясаты өз іргетасын қалады. 1999 жылы **Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы** бекітілді. Оның бастапқылары болып, жастар ұшін әлеуметтік қызмет жұйесін құру, кәмелетке толмаған қылмыстық юстиция негіздерін құру. Кейін 2001 жылы**«Қазақстан жастары»**бағдарламасы қабылданды, ол жастар үшін жаһандық мәдениет, ғылым мен оқу процесстеріне жол ашты. **«2005-2007 жылдарға арналған жастар саясаты бағдарламасы»** жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, әлеуметтену мен жастар ұймдарын қолдау мақсатын қойды. Патриоттік тәрбиелеудің мемлекеттік бағдарламасы 2006-2008 жылдары отан сүйгіштікке нәтижелі баулуға бағытталған болатын. 2010 жылдан бастап «100 мектеп, 100 аурухана», «Қолжетімді тұрғын үй - 2020», «Балапан», «Жұмыспен қамту - 2020» тәрізді бағдарламалар жүзеге асырыла бастады.

Қазіргі кезде ең өзекті **«Қазақстан 2020: болашаққа жол» атты Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы**болып табылады. Оның мақсаты – жастардың табысты өз-өзін тану үшін әлеуметтік-экономикалық және құқықтық нормалар құру. Оның шеңберінде жаңа ұрпақтарда патриотизм, мәдени әр түрлілік пен шыдамдылық, ел бірлігі мен отрақтығы, заңға құрмет, еңбексүйгіштік пен оқуға ынталылық, ғылым мен инновациялар, және отбасы мен денсаулық тәрізді құндылықтарға тәрбиелеу көзделген. Сонымен қатар жоспарда мансаптың жағымды идеалдарын құру мен жаңа экологиялық этиканы дамыту.

Тұжырымдаманы жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстан жастарының әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруы, қоғамдық өмірге еліктргенділіктің үлкен деңгейі, және оның рухани-адамгершілік сипаттамаларының жақсаруы күтіледі.

> Қазақстан жастары кез келген мәселені шешуде жауапкершілікті танытып, кез келген жағдайларға беімделе алып, оларды өз пайдасына жаратып, сонымен қатар жаһандық жаңалықтардың бәрін біліп, үрдістерді алдын ала білулері керек**.**

Әділ бағалау үшін жастардың ұйымдарға қатысу үлесі, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі, жас кәсіпкерлер үлесі, жас отбасыларға «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы кезінде берілген үй саны және қайталанған заң бұзушылық санының кемуі тәрізді параметрлердің мәліметтері алынады.

Әрине, жоғарыда аталған мақсаттардың барлығын орындау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық пен қаржылық жағдайлар жасау керек.

Қазақстан елдердің даму тізімінде қандай орын алады және олар қалай құралады?

«Қазақстан - 2050» стратегиясының шеңберінде Қазақстанның бәсекелесуге қабілеттілігін арттыру бойынша үкімет жұмысын қорытындыласақ, мемлекетіміз үш әлемдік рейтинг бойынша көкейтесті «50 лидер» қатарына енді.

БЭФ (Бүкіләлемдік экономикалық форум) әлемдік рейтингінде, Қазақстан 2013 жылдан бастап 50-ші орында. Рейтинг бәсекеге қабілеттіліктің индексі бойынша 148 ел арасынан құрылды. Бұл индекс мемлекеттің инновациялық дамуын ескеріп жасалады. Қазақстан қазір бірте-бірте тиімді даму сатысынан инновациялық дамуға өтуде. Басқа ТМД елдері: Ресей 64 орында, Украина 84 орынға түсті, Кырғызстан 121 орында, Әзірбайжан 39 орында.

![Әлемдік бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша дүние жүзі елдері (жасыл – индекс жоғары, қызыл – төмен, сұр – енген жоқ)](http://storage.yvision.kz/images/user/malikad/X4CyOR1rO9tT5458fc579l92LEeFWx.png)

Әлемдік бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша дүние жүзі елдері (жасыл – индекс жоғары, қызыл – төмен, сұр – енген жоқ)

Бұл суретте ең тез дамитын ірі мемлекеттер болып ситпатталатын БРИКС елдері (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка республикасы) Қазақстанмен бір түстес.

Сонымен бірге Doing Business тәрізді қызық рейтинг бар, оны Әлемдік банк ұсынады. 2013 жылы Қазақстан 3 орынға көтеріліп 50-ші орын алды. 189 ел арасындағы осындай жақсару Қазақстанға, халыққа қызмет көрсету отралықтарындағы келушілермен жұмыс уақытының азаюы арқасында берілді. Сонымен қатар меншікті тіркеудің жылдамдырылған үрдісі енгізілді.

Менеджементті дамыту халықатаралық институтының IMD – әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан 60 ел арасында 34 орынға ие болды.

ПРООН Адма даму индексі бойынша, республикамыз 186 ел ішінде 69 орында. Қазақстан кіретін елдер тобы адам дамуының жоғары деңгейіне ие. Қазақстанның адам даму индексі – 0.754, ал тізім лидері – Норвегияда – 0.955. Бұл көрсеткіш өмір деңгейін, сауаттылық, білімділік пен ұзақ өмір сүруді салыстырады. Оны есептегенде, өмірдің болжамды ұзақтығы, сауаттылық деңгейі, аларман қабілет тепетендігі жіне басқа да көрсеткіштер қарастырылады. Бұл индекс бойынша түрлі елдердің жалпы өмір деңгейін жиі салыстырады.

![Адам даму индексі бойынша дүние жүзі елдері](http://storage.yvision.kz/images/user/malikad/cmEZcu2rZDWuSZuaqaa5yUW7LAUQt4.png)

Адам даму индексі бойынша дүние жүзі елдері

Transparency International коррупцияны аңғару индексінде, Қазақстан 7 сатыға төмен түсіп, енді 177 ел арасында 140 орын алады. Бұл коррупциямен жағдайды шындықпен ккөрсеті үшін жасалған индексті санаудың өзгерілуімен байланысты.

Кәсіпкерлік еркіндігі, монетарлық еркіндік пен инвестициялар еркіндіктерінің жақсаруларына байланысты Heritage Foundation экономикалық еркіндік индексінің рейтингінде Қазақстан 185 елден 67 орын алды.

**2015 жыл**

Келесі жылдың өзіне көптеген маңызды оқиғалар жоспарланған. Біріншіден, оқу мен медицинаға инвестициялауды салықтан босату арқылы ынталандыру үшін іс-шаралар жиынтығын қабылдау болжанған. Бұл жылға «Жезқазған-Шалқар-Бейнеу» жолының салынып бітуі ұйғарылды. Азаматтық қызметшілердің еңбегін төлеудің жаңа моделі енгізілмек: денсаулық сақтау жұмысшыларына – 28%-ға дейін, білім беру жұмысшыларына - 29%-ға дейін, сонымен қатар әлеуметтік қорғаныс жұмысшыларына - 40%-ға дейін жұмыс төлемақысы көтерілмек. Осымен бірге, мүгедектік пен асыраушынынан айырылу жәрдемақысы 25% көтеріледі, ал «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметкерлерінің жалақысы 15%-ға жоғарылайды.

**2017 жыл**

2017 жылы еліміздің бейнесін қалыптастыруды қолдайтын - EXPO-2017 халықаралық көрмесі, өте маңызды іс-шара өтеді.

**2020 жыл**

Шағын және орта бизнес бірге 50%-дан кем емес ЖІӨ өндіруі керек. Жоспар бойынша, еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін өседі. 2020 жылға дейін Қазақстанда 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың 100%-ы мектепке дейінгі білім алуға қол жеткізетіні маңызды.

**2025 жыл**

Қазақстан өз жанармай нарығын толықтай экологиялық стандарттарға сай келтіреді.

Шикізат емес өнеркәсіп өнімдері экспортының көлемі жалпы экспорт көлемінде 2 есе артады.

Осы жылдан бастап қазақ әліпбиін латын қарпіне көшірілуі басталмақ. Сонымен қатар тіл саласында қазақстандықтардың қазақ тілін меңгеруі бойнша 95% көрсеткішіне жету жоспарланған.

Аралықта **2030 жылы** егістік алқаптардың 15%-нда суды үнемдеу технологиялары қолданылады, ал **2040 жылда** сумен қамту мәселесі шешіледі.

**2050 жыл**

Осы жылға адам басына шаққан ЖІӨ көлемі 60 мың долларға жетеді деп болжанған. Санау бойынша, қалалық тұрғындардың үлесі бүкіл халықтын 70%-ын құрайды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/adilnazar/Y1a6vj1Y029O30hZ0XSJ7Mk9voPbwl.jpg)

«Қазақстан – 2050» стратегиясының логотипі қандай және нені білдіреді?

«Қазақстан – 2050» стратегиясының логотипі бірлік нышаны болып табылады. Онда үндестік пен қауымдастық идеясы суреттелген. Лого бейнесі қазақтар үшін тұтастық пен бірлік білдіретін түрлі заттардан шабыт алды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/nurayim_b/q9vA611CKW0nZfLZLm9f54IVf2jiHU.jpg)

Бұл қиылысып тұрған күңгірттеу шеңбер тәріздес аспан түсті сызықтар нені білдіреді?

Басты түп бейне болып шанырақ, қазақ киіз үйінің бөлігі болды. Қазақстандықтар үшін ол түрлі халықтардың ортақ көп ұлтты елде бірігуін білдіреді. Қазақ киіз үйінің тағы бір бөлігін – керегені де логотипте көруге болады. Кереге – киіз үйдің тірегі, ал 2050 жылғы Стратегия – Қазақстан болашағының тірегі.

Сонымен қатар нышанда елдің барлық адамдарының қол алысуын көре аламыз. Еріксіз ескі ертегі еске түседі: әке өзінің ұрысып қалған балаларын шыбықтарды бөлек сындыртады, және бәрін бірге жинап сындыртады. Екішісін олар тарата амайды. Осылай логотип те қазақстандықтарды қоғам, жақындар мен туысқандарға ұстануға түрткі болады.

Осылай, стратегия нышанында бірге шанырақ, мемлекеттік елтаңба, киіз үйдің өрілген керегелері, адамдардың қол алысуы және де далалық күн жарық дақтары орнықты.

Нышан мән-мағынасы бірлікте. Ол басқару, энергетика, экология, ғылым қажетсінетін экономика, адами капитал, урбанизация мен халықаралық интеграцияның бірлігі. Оның әрқайсысына өз түстер анықталып қойылды.

«Қазақстан - 2050» стратегиясының [ресми сайтныда](http://strategy2050.kz) логотип пен стратегияның өзі жайлы көбірек білуге болады.

** **

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-2050-ma-sattar-aterler-zha-a-sayasat-427828](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-2050-ma-sattar-aterler-zha-a-sayasat-427828)