---
title: "Қазақша ұл есімдері (А-Ә) 2025 жыл"
description: "Есім — тек бір атау ғана емес, ол ұлттың тарихы мен рухани мәдениетінің айнасы. Төменде қазақ тіліндегі ең танымал әрі мағыналы ұл балалар есімдерінің тізімі ұсынылған. Әр есімнің ар жағында ғасырлар бойғы ізгі тілек, болашаққа сенім, ұлттық сипат жатыр"
author: "zhazbalar"
published: "2018-01-30T09:25:20+00:00"
modified: "2018-01-30T09:25:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-sha-l-esimderi-a-794675"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-sha-l-esimderi-a-794675/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақша ұл есімдері (А-Ә) 2025 жыл

> Есім — тек бір атау ғана емес, ол ұлттың тарихы мен рухани мәдениетінің айнасы. Төменде қазақ тіліндегі ең танымал әрі мағыналы ұл балалар есімдерінің тізімі ұсынылған. Әр есімнің ар жағында ғасырлар бойғы ізгі тілек, болашаққа сенім, ұлттық сипат жатыр

АБАЙ - қазақ есімі, ел ағасы. Абай есімінің мағынасы әр түрлі: абайлағыш, байқағыш, ойшыл деп түсінігі бар. Бұл есім қазір халық арасында жиі қойылады. АББАС - араб тілінен алынған — қатал, қатыгез, жауынгер. Түрлері - Ғаббас, Қаппас, Қапбас. АБЗАЛ - араб тілінен алынған - ардақты, аса қадірлі, ең құрметті. АБЫЗ - араб тілінен алынған — күтуші, қорғаушы, сақтаушы. Жаңа мағынасы — ғалым, білімпаз. Түрлері — Хафиз, Қапыз. Біріккен тұлғалы есім — Абызбай. АБЫЛАЙ - араб тілінен алынған есім - абыл, әбіл — ата, әке. Әбділмәмбет деген есімнің қысқарған түрі. АБЫЛҒАЗЫ – араб тілінен ғазы — жауынгер, әскер, яғни жауынгердің, әскердің атасы, әкесі. АҒАБЕК – көне түркі тілінен алынған аға + бек. Жас жағынан немесе лауазым жағынан үлкен, жоғары бек. АҒЗАМ - араб тілінен алынған — зор, ең ұлы. АҒЫН – қазақ есімі - ағыны қатты, лек, екпін. АДАЙ –көне түркі тілінен алынған - балапан. Бала, сәби, перзент деген ауыспалы мағына береді. АДАМ - көне еврей тілінен - қызыл, жирен түсті ер адам (балшықтан жасалған кісі, пенде). Біріккен тұлғалы есімдер — Адамбек, Адамбай. АДЫРБАЙ - қазақ есімі — адыр — биік, дөң, қыр + бай. АЖАРБЕК - қазақ есімі - ажар — әдемі, шырайлы, көрікті, келісті + бек. Яғни аса көрікті, өте әдемі, келбетті. АЗАМАТ – араб тілінен алынған - ұлылық, даңқ, нағыз ер жігіт, саналы адам. АЗАТ - иран тілінен алынған - ерікті, еркін, тәуелсіз адам. Біріккен тұлғалы есімдер - Азатбай, Азатбек. АЙӘДІЛ - қазақ тілінен - ай + араб тілінен - әділ. Әділ, адал, шыншыл. АЙБАР – қазақ есімі — айбат, айбын. Бұл есім сәбиге айбатты, айбынды болсын деген мақсатпен қойылады. Сыйлап, құрметтеп айту түрі — Айаға, Айеке, еркелетіп айту түрі — Айбаржан, Айке, Айкеш, Айкен. АЙБАС – қазақ есімі — ай + бас, ай сияқты ашық, жарқын жүзді адам. АЙБАТ - қазақ есімі - айбар, қаһар, айбын. Бұл есім сәбиге батыл әрі батыр, айбынды болсын деген мақсатпен қойылады. АЙБЕК – қазақ есімі - ай + бек — берік, мықты. Сәби ғұмырлы, беделді болсын деген тілекпен қойылған есім. АЙБОЛ – қазақ есімі - ай + бол — айдай айқын, жарық бол деген мағыналы есім. АЙБОЛАТ – қазақ есімі - ай + болат - болады — менін айым болады. АЙБЫН – қазақ есімі. Мағынасы айбар, айбат, батылдық. АЙҒАЛИ – қазақ тілінен алынған - ай + араб тілінен - ғали — биік, жоғары. Бала әрдайым жоғары мұратқа ие болсын деген тілекпен қойылған болса керек. АЙДАН – қазақ тілінен алынған - ай + дан — қосымша. Бұл есім бала айдан да жарық, көркем болсын деген тілекпен қойылған. АЙДАР - қазақ тілінен алынған есім. Балалардың төбесіне қойылған шашы. Ал айдарлы сөзі «мықты, күшті, зор» деген мағынада қолданылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Айдархан, Айдарлы, сондай-ақ синонимдік есімдер — Кекіл, Тұлымхан. АЙДАРҒАЛИ – араб тілінен айдар — күшті + ғали — биік, жоғары. Бұл есімнің бірінші нұсқасы Хайдарғали болу керек. Бұл есімнің бірінші сыңарын хайдар «арыстан» деп білсек, екінші сыңары араб тілінен — ғали - Әли. Сонда Хайдарғали арыстан Ғали, батыр Әли деген мағынаны білдіреді. Түрі — Айдаралы. АЙДАРХАН – қазақ сөзі - айдар, араб сөзі - хайдар + қазақ сөзі - хан, яғни арыстан, жаужүрек хан деген мағынаны береді. АЙДОС – қазақ есімі - Айдын досы. АЙДЫН - қазақ есімі — айбат, айбын, каһар, күш-қуат, айқын, ашық, жарық. Біріккен тұлғалы есім - Айдынғали. АЙЖАРҚЫН – қазақ есімі. Ай және жарқын сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. АЙЖАРЫҚ - ай және жарық, қазақтың сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бала ай жарығындай болып, шапағаты басқаға тисін деген тілекпен қойылған есім. АЙЖАС - ай және жас, қазақ сөдерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Өмірге жана келген сәбиді жаңа туған жас айға теңеп қойылған есім. АЙЗАТ – қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған зада — «бала» сөздерінен жасалған есім. Ай сияқты аса әдемі, көрікті бала деген мағына береді. АЙҚЫН – қазақ есімі. Мағынасы әйгілі, белгілі, нақты. АЙМАҒАМБЕТ - қазақ сөзі - ай + араб сөзі мохаммад — мақтаулы. Айтмақамбет, Аймухамбет деп те айтыла береді. Қысқарған түрі — Аймаған, Аймат. АЙМАҚ - қазақ есімі — өлке, қиыр, атырап, айнала, маңай, төңірек. АЙМҰРАТ – қазақ сөзі - ай + араб сөзі морад - мақсат, тілек. Ай сияқты айқын, жарық тілегім, мақсатым деген ниетпен қойылған есім. АЙНАБЕК – біріккен қазақ сөздері айна + бек. Пәктіктің, тазалықтың, адалдық пен шынайылықтың бейнесі. АЙНАН - араб тілінен алынған гайнан — шын, дұрыс, тура. АЙРАТ - араб тілінен алынған - құрметті, қадірлі. АЙСА – көне еврей араб есімі. Ғайса — Қазақ, қырғыз, өзбек тілдерінде Ғайса, Қиса, Иса түрінде кездеседі. АЙСАУЫТ - ай және сауыт қазақ сөздерінен біріккен көне есім. Айдай айқын, ай сияқты жарқырап мәңгі тұрсын деген тілекпен қойылған. АЙСҮГІР – қазақ есімі. Ай және сүгір — әскер, жауынгер сөздерінен жасалған көне есім. АЙТАҚЫН - араб тілінен алынған эйдь — айт мейрамы, иран тілінен алынған акун — өлең шығарушы, жыршы. Айт мейрамы күні туған балаға осындай ат қойылатын. Біріккен тұлғалы есімдер - Айтбай, Айтжан, Айтбек. АЙТАН - қазақ сөздернен біріккен ай + тан. Таң сөзінің дыбыстық тұрғыдан өзгерген нұсқасы, яғни жарық, жарқыраған ай. АЙТАС - ай + тас қазақ сөздерінен жасалған есім. Бала өмірі ай сияқты жарқын және тас сияқты мықты, берік болсын деген тілекпен қойылған есім. АЙТЕМІР - ай және темір қазақ сөздерінен жасалған есім. Бала айдағы темірдей мықты әрі берік болсын деген тілекпен қойылғаны байқалады. АЙТҚАЛИ – араб есімі эйдъ — айт мейрамы, ғали — жоғары, биік деген мағынаны білдіретін сөздерінен жасалған есім. Бала келешекте ең кұрметті, жоғары мөртебелі болсын деген ұғымда қойылып отырған. АЙТУАР - қазақ ай және туар сөздері арқылы жасалған есім. Балаға бақыт, ырыс тілеуге байланысты қойылып отырған. АЙТУҒАН – қазақ есімі. Ай туған мезгілде дүниеге келген балаға осылай ат берілген. АЙТУДЫ - (қараңыз: Сарман). АЙШУАҚ – қазақ есімі. Ай сияқты сәулелі, жарық, көнілі шуақты болсын деген тілекпен қойылған есім. АЙШЫҚ – қазақ есімі. Туған ай бейнесіндегі өрнек, сән. АҚАЙ - қазақ ақ және ай деген екі сөзден бірігіп жасалған есім. Ата-ана баласын айдай аппақ, таза, кіршіксіз, адал болсын деп ырмандап қойған есім. АҚАН - иран тілінен алынған аһен — темір. АҚАТ - араб тілінен алынған әхәд— бір, бірлік, жалғыз, жалқы. Тұңғыш балаға берілетін есім. АҚБАЙ - қазақ ақ және бай сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұл есім бала адал, ак ниетті болсын деген ниетпіен қойылған. АҚБЕРДІ – қазақ сөзінен ақ немесе араб сөзінен хәққ — сый, тарту + қазақ сөзі, берді; яғни ағынан берді. Еркелетіп айтылатын түрі — Ақтай. АҚБОЛАТ – қазақ сөзінен ақ + иран сөзінен болат - құрыш. Бала саф құрыштай берік, мықты болсын деп қойылған есім. АҚЕДІЛ - өзен атына байланысты қойылған есім. Мұндай есімдер әдетте бала өзен жағасында туған ағдайда қойылған. АҚЖАН - қазақ есімі адал, таза адам, ак көңіл жан. Ақмұқан, Ақжол, Ақтанлақ сияқты есімдердің еркелете айту түрі. АҚЖАРҚЫН - ашық жарқын жүзді, шат-шадыман. АҚЖОЛ - өмірге алған бағыты, ашық, айқын, жолы сара, таза деген мағынаны білдіреді. АҚЖІГІТ – қазақтың ақ және жігіт сөздері арқылы жасалған есім. Мықты, қайратты азамат деген мағынаны білдіреді. АҚҚОЗЫ - қозы сияқты сүйкімді, әдемі, көркем болсын деп, қозыға балап қойылған есім. АҚНАЗАР - есім құрамындағы ақ сөзі арабтың хак «әкім, пайғамбар» деген сөзінін тіліміздегі өзгерген түрі. Назар араб тілінен алынған нәзәр — қарау, көзқарас, көз салу, ықылас, ілтипат. Демек бұл есім құдіреттің назары, ілтипаты деген мағынаны білдіреді. Хақназар, Қақназар деп те айтылады. АҚПАНБЕТ - ақпан — февраль айының қазақша аты; бет кісі аттарына қосылатын қосымша. Ақпанда туылған балаға осындай ат қойылған. АҚСҰЛТАН - есім құрамындағы ақ арабтың хақ «әкім, әмір» сөзінің тіліміздегі өзгерген нұсқасы. Алсұлтан арабтың солтан «әкім, билеуші, мемлекет басшысы» деген сөзі. АҚТАҢ - ертеде таң атып келе жатқанда туған балаға осындай есім берілген. АҚТІЛЕК - бала бақытты болсын, ата-ананың ақ ниет, тілегі орындалсын, деген мақсатпен қойылған есім. АҚҚОЖА - қазақ тілінен ақ — таза, адал, немесе араб тілінен хак — әкім, әмір. Қожа араб тіліненХоджа — мырза, үйретуші, ие. Адал үйретуші деген мағынаны білдіреді. АҚШОРА – қазақ сөзінен ақ және көне түркі тілінен алынған шора — мырза, бек, шонжар. Ақсүйек деген мағынаны береді. АҚЫЛБАЙ - араб тілінен алынған ахл + бай. Ақылға бай деген мағынада. Еркелету тұлғалары — Ақылжан, Ақылтай, Ақыш. АҚЫЛБЕК - ақылды, сергек болсын деген тілекпен қойылған есім. АҚЫН - иран тілінен алынған ақун — өлең шығарушы, жыршы. Біріккен тұлғалы есімдер — Оразақын, Әлақын, Нұрақын, Байақын, Тұрдақын. АҚЫНЖАН - бала ақын болсын, ақынжанды болсын деген тілекпен қойылған есім. АҚЫРАП - араб тілінен алынған ахраб — шаян. Октябрь айына сәйкес зодиак белгісі. Сол айда туған балаға қойылатын есім. АЛАЙ - көне түркі тілінен— отряд, бөлім, рота, батальон, полк. АЛАУ - шымқай қызыл түс. АЛБАТ - араб тілінен алынған албат — түс, түрлі-түсті әң, түр. ӘБДУӘЛИ - араб тілінен алынған уали — әкім, әмір, басқарушы, үкімет уәкілі. ӘБДІ - араб тілінен алынған — мәңгі, шексіз. ӘБДІБАЙ - араб тілінен алынған ғабд + қазақ сөзі бай. Яғни мәңгі бай. ӘБДІБАҚИ - араб тілінен алынған ғабди + бахи - мәңгі, мәңгілік, яғни мәңгі жасаушы, ұзақ өмір сүруші пенде, адам. ӘБДІБАҚИТ - араб тілінен алынған ғабд + бахит - бақыт. Мәңгі бақытты деген мағынаны береді. ӘБДІБЕК - араб тілінен алынған ғабд + қазақ сөзі бек, яғни қашанда күшті, мыкты, берік. ӘБДІҒАЗИЗ - араб тілінен алынған ғабд + ғазиз — қадірлі, қымбатты. ӘБДІҒАЛИ - араб тілінен алынған ғабд + ғали — қымбатты, қадірлі, сүйікті, яғни аса қымбатты, қадірлі, артық, қашанда сүйікті, сүйкімді. Еркелете қысқарту тұлғасы — Әбдеш, Әбікен. ӘБДІҒАППАР - араб тілінен алынған ғабд + ғаффар — кешіруші. Кешірімді әміршінің, жаратушының құлы. ӘБДІҒОЖА - араб тілінен алынған ходжа — мырза, мұғалім үйретуші ие. ӘБДІЖАППАР - араб тілінен алынған джәббар — құдіретті, күшті. ӘБДІЖӘМІЛ - араб тілінен алынған ғабд + жамил - сұлу, өте әдемі, сүйкімді; қайырымды ақкөңіл, сыпайы. ӘБДІКӘРІМ - араб тілінен алынған ғабд + карим — қолы ашық, жомарт; ақкөңіл, кең пейіл, сүйкімді, әдемі. ӘБДІҚАДЫР - араб тілінен алынған ғабд + қадир құдіретті, артықшылық, лайықты, басымдылық деген мағынаны білдіреді. ӘБДІҚАЙЫМ - араб тілінен алынған ғабд + каим, мәңгі өмір сүретін, мәңгілік. ӘБДІҚАИЫР - араб тілінен алынған ғабд + каир — жақсы, мейірман, мейірімді, жақсылық қылушы, қайырымдылық жасаушы. ӘБДІХАЛЫҚ - араб тілінен алынған ғабд + халық, жұрт, қауым, ел, халықтың, елдің қызметшісі. ӘБДІМӘЖИТ - араб тілінен алынған ғабд + мажит — күшті, атақты, даңқты. Атақтылардың, даңқтылардың қызметшісі. ӘБДІМАНАП - араб тілінен алынған ғабд + манап - ақсүйек, асылзада. Қысқартып еркелетіп айтылатын түрі — Әбдеш. ӘБДІМӘЛІК - араб тілінен алынған ғабд + малик — патша. Патшаның қызметшісі. ӘБДІНАСЫР - араб тілінен алынған ғабд + насыр жәрдем беруші, жеңімпаз. ӘБДІНҰР - араб тілінен алынған - мәңгі жайнап, жасарып тұрушы. ӘБДІРАҚЫМ - араб тілінен алынған рахим — қайырымды, мейірімді, рақымды, мейрімділікті, рақымы түсушіліктің құлы. Қысқарған түрі — Әбдірақ. ӘБДІРАХМАН - араб тілінен алынған рахман — рақымды, мейірімді, кішіпейіл. Мейірімділіктің құлы. Қысқартылып Әбдірақ, Әбіш деп айтылады. ӘБДІРАШИД - араб тілінен алынған рашид — саналы, ақылды, парасатты. ӘБДІРӘСІЛ - араб тілінен алынған расул — елші, уәкіл, хабаршы. Синонимдері — Абдрасіл, Әбдрасыл. ӘБДІРЗАҚ - араб тілінен алынған рәззак — өмірге ризық беруші. Синонимдері — Әбдіразақ, Әбдіраззақ. ӘБДІСАМАТ - араб тілінен алынған самад — мәнгі, тұрақты, яғни мәңгі өмір сүруші. Синонимі — Әбсамат. ӘБДІСАЛАМ - араб тілінен алынған сәлам — бейбітшілік, тыныштық. Тыныштықты, бейбітшілікті жақтаушы. Синонимі — Әбсалам. ӘБДІСАТТАР - араб тілінен алынған сәттар — кешірімшіл, корғаушы; қорғау, қорған болу. ӘБДІСЕЙІТ - араб тілінен алынған сейидь, — мырза, бастық, қожа, яғни, мырзаның пендесі, орындаушысы деген мағынаны білдіреді. Түрлері — Әбдулсейіт, Әбсейт, Әбусейіт, Әбшейіт. ӘБДІХАЛЫҚ - араб тілінен алынған хәлк — жаратушы, жасаушы; халық, жұрт, яғни халыққа қызмет етуші. ӘБДІХАМИТ - араб тілінен алынған хамид — мақтаулы, мақтауға лайық. ӘБДІШҮКІР - араб тілінен алынған шукран — құрметтеу, сыйлау, алғыс айту, мақтау, мадақтау. ӘБЕТ - араб тілінен алынған абад — мәңгілік, шексіздік, ұзақ өмір сүруші деген мағынаны береді. ӘБУ - араб тілінен алынған абу — әке. ӘБУБӘКІР - араб тілінен алынған абу — әке + бикер — тұңғыш; кіршіксіз пәк, таза. Тұңғыштың әкесі деген мағынаны береді. ӘБУҒАЛИ - араб тілінен алынған абу — әке + ғали биік, жоғары, зор. ӘБУҒАЛЫМ - араб тілінен алынған абу - әке + ғалим — оқымысты, ғұлама. Көп білетін білімді деген мағынаны білдіреді. ӘБУНАСЫР - араб тілінен алынған абу - әке + наср — жәрдем беруші, көмекші; жеңімпаз. ӘБУСАДЫҚ - араб тілінен алынған абу — әке + сәдик — адал, таза, шыншыл, адалдық, тазалық. ӘБУТӘЛІП - араб тілінен алынған абу — әке + талиб — білім іздеуші; сұраушы; студент. ӘБІЛ - арабтың әбу — әке деген мағынаны білдіретін сөзінің сөйлеу тілдегі айтылу формасы. Бұл сөз біріккен тұлғалы кісі аттарының сыңары ретінде жиі кездеседі. Мысалы: Әбілғазы, Әбілманап, Әбілтай, т. б. ӘБІЛҒАЗИЗ - араб тілінен алынған ғазиз — күшті; сирек, бағалы; суйкімді, сыпайы, қадірлі. ӘБІЛҒАЗЫ - араб тілінен алынған ғази — жауынгер, әскер. ӘБІЛҚАЙЫМ - араб тілінен алынған кәю — мәңгілік өмір сұруші. ӘБІЛҚАЙЫР - араб тілінен алынған хаир - мәңгі жақсылық, рақымдылық, жақсылық пен ізгіліктің әкесі, атасы. ӘБІЛПЕЙІЗ - араб тілінен алынған фәйз — асыптасу, молшылық; жомарттық байлық; жеңуші, жеңімпаз. Жомарттықтың атасы деген мағына береді. ӘБІЛҚАН – қазақ тілінде хан — әмірші. Әміршінің әкесі деген мағына береді. ӘДИ - араб тілінен алынған ады — басшы, жетекші, қолбасшы, басқарушы. ӘДІЛ - араб тілінен алынған ғадил — әділдік, шыншылдық, ақиқаттық, дұрыстық. Біріккен тұлғалы есімдер — Әділбай, Әділбек, Әділғазы, Әділхан, Әділжан, Жанәділ, Бекаділ, Нұрәділ, Жүмәділ, т. б. ӘБІЛҚАСЫМ - араб тілінен алынған хасым — сұлу, әдемі. ӘЖІБАЙ - көне түркі тілінен келген әжі — аға + бай. Бұл әжі сөзі біріккен тұлғалы кісі есімдерінің құрамында қолданылып, кейде қажы, әжі түрінде жиі кездеседі. Ондай біріккен тұлғалы есімдер — Әжібек, Әжіғали, Әжігерей, Әжімұкамбет. Еркелете қысқартып айту тұлғалары — Әжікен, Әжтай, Әжік. ӘЗЕЛ - араб тілінен алынған азил — мәнгілік, өмірлік. ӘЗЕРБАЙ - иран тілінен алынған азер — от + қазақ сөзі бай, яғни батыл, ер жүрек адам. ӘЗІЗ - араб тілінен алынған азизъ — қадірлі, қымбатты, құрметті, сүйкімді, аяулы, бағалы. Біріккен тұлғалы есімдер — Әзізбай, Әзізбек, Әзізқан, Әзізғали, Әзізғожа, Әзізәли, Әзізжан, Әзізсейіт. Еркелете қысқартып айту тұлғалары Әзізтай, Әзтай, Әзкен, Әзкеш. Түрлері — Ғазиз, Ғазис. ӘЗІЛХАН - көне түркі тілінен келген азілу — мұрагерлік, рулық, тайпалық + хан. ӘЗІМ - араб тілінен алынған азимь — ұлы, үлкен атақты; күш, қуат, құдірет. Біріккен тұлғалы есімдер — Әзімбай, Әзімхан, Әзімжан. ӘКПАР - араб тілінен алынған акбар — ұлы, өте үлкен, зор, құрметгі. ӘКРАМ - араб тілінен алынған әкремь — құрметті, сыйлы, мархабатты, мейірімді, нағыз мырза. Біріккен тұлғалы есімдер — Әкрамбай, Әкрамбек. ӘКІМ - араб тілінен алынған хаким — дана, данышпан, кемеңгер. Біріккен тұлғалы есімдер — Әкімбай, Әкімбек, Әкімғожа, Әкімжан, Әкімнұр, Әкімтай, Әкімхан. ӘЛҒАЗЫ - араб тілінен алынған әлқаузын — жаугер, шерік, қосын. ӘЛИ - араб тілінен алынған ғали — биік, аса зор, заңғар. Біріккен тұлғалы есімдер — Әлиайдар, Әлиасқар, Әлиахмет, Әлихан, Әлиақпар. Синонимдері — Ғали, Қали, Әлі. ӘЛИАЙДАР - араб тілінен алынған ғали , хәйдәр - арыстан, яғни арыстандай күшті, қайратты Әли. Қыскартылып айтылатын түрі — Әлкей. ӘЛИАСҚАР - араб тілінен алынған ғали — асқар, яғни құдіретті Әли деген мағына береді. ӘЛІНҰР - араб тілінен алынған ғали + нур — көркі, ажары артық, әдемі деген мағынаны білдіреді. ӘЛІБИ - араб тілінен алынған ғали + қазақ тілінен алынған би. Жоғары мәртебелі би деген мағыналы есім. ӘЛІМ - араб тілінен алынған ғалым — білімді, білгір, дана; оқымысты, ғалым. Біріккен тұлғалы есімдер Әлімбай, Әлімбек, Әлімжан, Әлімқұл, Әлімхан т. б. Түрі — Ғалым. ӘЛІШЕР - араб тілінен алынған ғали — жоғары, биік + шер — арыстан. ӘМЕТ - араб тілінен алынған — мерзім, шек. ӘМИН - араб тілінен алынған — адал, сенімді; кауіпсіз, игілікті. ӘМІР - араб тілінен алынған — әкім, бастық; нұсқау. Біріккен тұлғалы есімдер - Әмірбай, Әмірбек, Әміржан, Әміртай. Синонимі — Міртай. ӘМІРБЕК – көне түркі тілінен келген, дос, сүйікті жолдас. Біріккен тұлғалы есім — Әміржан. ӘНЕС - араб тілінен алынған — анис — дос. ӘНУАР - арабтың нұр сөзінің көпше түрі. Мағынасы — нұрлы, ең жақсы, жарық, жарқыраған. Біріккен тұлғалы есімдер — Әнуарбек, Әнуархан. ӘПСАЛАМ - араб тілінен алынған гәфф + салам - қайырлы, бейбітшілік, тыныштық. ӘПСАМАТ - араб тілінен алынған гәфф + сәмәд - ізгілікті, мәңгілікті. ӘРІП - араб тілінен алынған әриб - қабілетті, білетін, білгір, түсінетін; дана, данышпан. Біріккен тұлғалы есімдер — Әріпбай, Әріпжан, Әріпқан. ӘСЕР - араб тілінен алынған асир - әсер; ықпал; ескерткіш, белгі. ӘСЕТ - араб тілінен алынған асад - арыстан; жылдың бесінші айына тән. Зодиак белгісі. Синонимдері — Арыстан, Хайдар, Шер. ӘСКЕР - араб тілінен алынған гаскер — әскер, қосын, жауынгер. Түрлері - Әшкер, Ләшкер. Біріккен тұлғалы есім - Әскербек. ӘУЕЗ - араб тілінен алынған ауыз - дауыс, дыбыс, үн. Біріккен тұлғалы есімдер — Әуезбай, Әуезбек, Әуезқан. ӘУЕЛ - араб тілінен алынған ауел — алғашқы, бастапқы, бірінші. Біріккен тұлғалы есімдер — Әуелбай, Әуелбек, Әуелхан. ӘШЕКЕЙ – қазақ есімі, әдемі ою-ернек, нақыс. ӘШІМ - араб тілінен алынған — қадірлі, құрметті. ӘШІМБАЙ - араб тілінен алынған хәшим + қазақ сөзі бай. Құрметті, қадірлі болсын деген тілекпен қойылған есім. ӘШІМХАН - араб тілінен алынған хәшим + хан. Құрметті, қадірлі, мәртебесі биік адам болсын деген тілекпен қойылғаны байқалады. ӘШІР - араб тілінен алынған ғашир — оныншы; мукарам айының оныншы күні туылған бала. Біріккен тұлғалы есімдер — Әшірбай, Әшірбек, Әшірәлі және т. б.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-sha-l-esimderi-a-794675](https://yvision.kz/kk/post/aza-sha-l-esimderi-a-794675)