---
title: "Қазақша киноцитаталар 2"
description: "Құрметті оқырман! Алдыңғы постымызда жарияланған қазақша киноцитаталардың жалғасын ұсынамын. Әлемдік..."
author: "arsaman_10"
published: "2016-11-05T16:31:54+00:00"
modified: "2016-11-05T16:44:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-sha-kinocitatalar-2-724263"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-sha-kinocitatalar-2-724263/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақша киноцитаталар 2

> Құрметті оқырман! Алдыңғы постымызда жарияланған қазақша киноцитаталардың жалғасын ұсынамын. Әлемдік...

Құрметті оқырман! Алдыңғы постымызда жарияланған қазақша киноцитаталардың жалғасын ұсынамын. Әлемдік кинодағы есімізде қалған және қанатты сөзге айналып кеткен цитаталардың аз ғана бөлігін өз тілімізде “cөйлеттік”.

Қабыл алыңыздар! Аударма жүзіңізге күлкі ұялатып, қызық көрінер бәлкім. “Етіңізді” үйрете беріңіз, әлі талай қызықтар бар!)

Таңғы асты жақсылап дайындап, тойынып ішіңдер. Бүгін кешкі аспен Тозақта тамақтанамыз!

**“300 Спарталық”.**

** **

Маған бірде бір адамның былай дегені бар: “Өлім бәрімізге күлімдейді. Адамның қолынан келетін жалғыз шарасы – жауап ретінде өлімге күлімдеп қарау”. **“Гладиатор”**

** **

Жақсы немесе жаман деген түсінік жоқ.Тек қана қоғамдық пікір деген бар.

**“12 маймыл”**

** **

- 40 жастан кейін тұрмысқа шыққаннан террористің жемтігіне айналған оңайырақ.

- Бұл жалған!

- Бұл статистика .

**“Сиэтльдегі ояу жандар”**

** **

- Біз қайда бара жатырмыз?

- Мексикаға.

- Ол жерде кімдер бар?

- Мексикандықтар.

**“Күн батқаннан таң атқанға дейін”**

** **

Сенің сыртқы келбетің маңызды емес, ішкі жан дүниең де кімсің, міне бұл бастысы. **“1+1”**

** **

Жайлы және бәрі оңай болады деп күтпе. Болмайды. Қиындықтар әрдайым кездеседі. Дәл осы сәтте бақытты болуды үйрен. Әйтпесе, үлгермейсің.

**“1+1”**

** **

Қорқыныш сені өз тұтқынына айналдырады. Үміт оты саған еркіндік береді. **“Шоушенктен қашу”**

** **

Әр адамға шамасы келетін, көтере алатындай мөлшерде сынақ жіберіледі. **“Гладиатор”**

** **

Ақылымды арттырамын десең – өзіңнен де ақылды қарсыласпен ойна.

**“Револьвер”**

** **

Жауыздықтың жеңісі – жақсы адамдардың әрекетсіздігінен.

**“Шиндлердің тізімі”**

** **

Бастысы - сенің қалай соққы жұмсағаның емес, соққыны калай тосқаныңда. **“Рокки”**

** **

Қырсықтық- ақымақтықтың бірінші белгісі.

**“Кездесетін жерді өзгертуге болмайды “**

** **

Үйге оралу – қызықты нәрсе. Таныс бейнелер, дыбыстар, иістер... Жалғыз өзгеріс – өзің ғана.

**“Бенджамин Баттонның құпия оқиғасы”**

** **

Нағыз махаббатта жарамдылық мерзімі деген болмайды.

**“Джульеттаға хат”**

** **

Абырой өмір бойы жиналып, бір - ақ сәтте төгіледі.

“**Жұлдызды тозаң”**

** **

Ең керемет сезім – сүйетініңді және сүйікті екеніңді білгеніңде.

**“Мулен Руж”**

** **

Сұлулық – әлемнің қарғысы. Ол бізге нағыз құбыжықтарды көруге мүмкіндік бермейді.

**“Шерлок”**

** **

Серілік қадам. Бұл ақылды адамдарды басқалардан үнемі ерекше көрсетеді. **“Темір Адам 3”**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-sha-kinocitatalar-2-724263](https://yvision.kz/kk/post/aza-sha-kinocitatalar-2-724263)