---
title: "Қазақша күрес бойынша «Еуразия Барысы» халықаралық турнирі әлемнің 120 елінде көрсетіледі"
description: "Қазақша күрес бойынша «Еуразия Барысы» бірінші халықаралық турнирі әлемнің 120 елінде көрсетілмек, ..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-12-04T23:17:11+00:00"
modified: "2013-12-04T23:17:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-sha-k-res-boyynsha-euraziya-barysy-haly-araly-turniri-lemni-120-elinde-k-rsetiledi-388132"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-sha-k-res-boyynsha-euraziya-barysy-haly-araly-turniri-lemni-120-elinde-k-rsetiledi-388132/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақша күрес бойынша «Еуразия Барысы» халықаралық турнирі әлемнің 120 елінде көрсетіледі

> Қазақша күрес бойынша «Еуразия Барысы» бірінші халықаралық турнирі әлемнің 120 елінде көрсетілмек, ...

[!\[Еуразия Барысы\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/12/%D0%B7%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%BE%D0%B5-3.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/12/%D0%B7%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%BE%D0%B5-3.jpg)

Қазақша күрес бойынша «Еуразия Барысы» бірінші халықаралық турнирі әлемнің 120 елінде көрсетілмек, деп хабарлады «Тараз-Арена» спорт сарайында өткен баспасөз мәслихатында жарысты ұйымдастырушылар.

Қазақша күрес бойынша «Еуразия Барысы» бірінші халықаралық турнирі 7 желтоқсан күні «Тараз-Арена» спорт сарайында өтеді. Турнирді «Қазақстан» ұлттық арнасы, Ресейдің «Боец» халықаралық телеарнасы, сондай-ақ, «TRT AVAZ» түрік телекомпаниясы әлемнің 120-дан астам еліне тікелей эфирден көрсетпек», — деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Гамлет Қайнарбеков.

Жобаны ұйымдастырушылар — «Қазақстан Барысы» қазақша күресті дамыту қоры, «Астана» ПКСК, Жамбыл облысының әкімдігі, ҚР Қазақша күрес федерациясы. Бас демеушісі — «Самруқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ. Ресми демеушісі — «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ. Сондай-ақ, «SAT & Company» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазфосфат» ЖШС турнирдің демеушілері және әріптестері болып табылады.

Жоба идеясының авторы — Арман Шұраев.

Турнир туралы ақпаратпен [www.kazakhstanbarysy.kz](http://www.kazakhstanbarysy.kz/) жобаның ресми сайтынан танысуға болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-sha-k-res-boyynsha-euraziya-barysy-haly-araly-turniri-lemni-120-elinde-k-rsetiledi-388132](https://yvision.kz/kk/post/aza-sha-k-res-boyynsha-euraziya-barysy-haly-araly-turniri-lemni-120-elinde-k-rsetiledi-388132)