---
title: "Қазақ радиосы қызметкерлерінің жетістіктері"
description: "Өткені бай, бүгіні берік Қазақ радиосы қай-қай кезде болмасын әрқашан жетіліп, дамуға деген ынта-ние..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-06-28T14:54:40+00:00"
modified: "2015-06-28T14:54:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-radiosy-yzmetkerlerini-zhetistikteri-517272"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-radiosy-yzmetkerlerini-zhetistikteri-517272/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақ радиосы қызметкерлерінің жетістіктері

> Өткені бай, бүгіні берік Қазақ радиосы қай-қай кезде болмасын әрқашан жетіліп, дамуға деген ынта-ние...

**Өткені бай, бүгіні берік Қазақ радиосы қай-қай кезде болмасын әрқашан жетіліп, дамуға деген ынта-ниетімен, сапалы жобаларымен және, ең бастысы, кәсіби мамандарымен мақтана алатын. Бұл қасиет жоғалмақ емес. Ұжымымыздың қос бірдей журналисті қол жеткізіп отырған жетістік – осының дәлелі. Қуана-қуана өздеріңізбен бөлісеміз.**

Астанада «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен өткен «Нұр Сұңқар» республикалық байқауында Қазақ радиосының Таңғы ойын-сауықтық бағдарламалар редакциясының жетекшісі Құралай Жұмахан «Үздік радио журналист» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

![Қазақ радиосы қызметкерлерінің жетістіктері](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/k6Urz31d766xU0PUGVL1SJP4QfBvNx.jpg)

Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігі Жеңістің 70 жылдығына орай журналистер арасында ұйымдастырған республикалық «Мәңгі есімізде» шығармашылық байқауында Қазақ радиосының редакторы Мәдина Махамбетқызы «Үздік радиосюжет/радиобағдарлама» аталымы бойынша дипломмен марапатталды.

![Қазақ радиосы қызметкерлерінің жетістіктері](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/1L1rlIT0Tm9J2i9cFhUgHM8eK535pk.jpg)

Бұл тамаша екі жаңалықтың 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында белгілі болуы қуанымызды еселей түсті.

Жеңіс биігінен көрінген әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық табыс пен абырой тілейміз!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-radiosy-yzmetkerlerini-zhetistikteri-517272](https://yvision.kz/kk/post/aza-radiosy-yzmetkerlerini-zhetistikteri-517272)