---
title: "«Қазақ өнерінің мақтанышы»"
description: "27 қарашада Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінде кескіндемеші, театр және кино суретшісі, Қазақстанны..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2019-11-28T06:01:43+00:00"
modified: "2019-11-28T06:01:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-nerini-ma-tanyshy-844933"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-nerini-ma-tanyshy-844933/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақ өнерінің мақтанышы»

> 27 қарашада Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінде кескіндемеші, театр және кино суретшісі, Қазақстанны...

27 қарашада Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінде кескіндемеші, театр және кино суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның халық суретшісі, «Құрмет Белгісі», «Халықтар достығы», «Парасат» және І дәрежелі Достық ордендерінің иегері Гүлфайрус Мансұрқызы Ысмайылованың 90 жылдығына орай «Қазақ өнерінің мақтанышы» әңгіме-шолу сағаты өткізілді. Іс-шараға № 9 мектептің 8 сынып оқушылары қатысты.

Іс-шара барысында Гүлфайрус Ысмайылованың өмір жолы, қызметі, шығармашылығы туралы мағлұмат берілді. Сондай-ақ қатысушылар екі топқа бөлініп, әртүрлі тапсырмалар орындады. Суретшінің өмір жолы туралы бейнематериал көрсетіліп, екі топ сол бейнеролик бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, қағаз бетіне түсіріп, жұмыстарын қорғады, сонымен қатар грамматикалық тапсырмалар да орындады. Іс-шараға кітап көрмесі де әзірленді. Онда қойылған кітаптар оқушылардың қызығушылығын тудырды. Суретшінің өнеріне қызыққан балалар түрлі сұрақтар қойып, жауаптар алды. Қатысушылар іс-шараға белсенді атсалысты.

https://photos.app.goo.gl/w7T7X8A8pGCBquoP6

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-nerini-ma-tanyshy-844933](https://yvision.kz/kk/post/aza-nerini-ma-tanyshy-844933)