---
title: "Қазақ неге қырғыз аталып кетті?"
description: "Қазақ неге қырғыз аталып кетті? Ыстықкөл тұрғындарымен сөйлесе қалсаңыз олар сізден міндетті түрде:..."
author: "makala"
published: "2014-10-21T00:40:29+00:00"
modified: "2014-10-22T06:15:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-nege-yr-yz-atalyp-ketti-435036"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-nege-yr-yz-atalyp-ketti-435036/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақ неге қырғыз аталып кетті?

> Қазақ неге қырғыз аталып кетті? Ыстықкөл тұрғындарымен сөйлесе қалсаңыз олар сізден міндетті түрде:...

Қазақ неге қырғыз аталып кетті?

![Қазақ неге қырғыз аталып кетті?](http://alashainasy.kz/userdata/news/2014/news_56107/thumb_b/photo_58372.jpg)

Ыстықкөл тұрғындарымен сөйлесе қалсаңыз олар сізден міндетті түрде: «Сіз білесіз бе революцияға дейін қазақтарды қырғыз деген? Кеңес үкіметі құрылғанға дейін Қазақстан деген ел болмаған, есесіне Қырғыз КСР деген мемлекет болған» дейді. Бұл ненің нышаны? Бұл сөз тіркесі қайдан шықты?

Шынында да Қазан төңкерісіне дейін қазақтарды неге қырғыз деген? Бұл сұрақты мен алғаш рет мектеп қабырғасында жүргенімде-ақ тарих пәнінің мұғаліміне қойғанымда ол маған нақты жауап берудің орнына қазақтар мен қырғыздар тамырлас, туыс ел деп қана жылы жауып қойғаны есімде. Жуырда мен осы сұрақтың нақты жауабын Тарих және этнология институтының аға қызметкері Ирина Ерофеевадан естідім. Оның айтуынша, ұлттардың атына қатысты бұрмалаушылық осыдан 280 жыл бұрын жазған журналистер жіберген қателіктен орын алған екен. Сол уақытта қазақтардың қырғыз болып аталып кетуіне журналистердің немқұрайлылығы өзінің кері әсерін тигізбей қоймады. Сонымен бұл мәселеге рет ретімен тоқталайық.

«Қазақ» сөзі алғаш рет XV ғасырда пайда болған, 1460 жылы Жәнібек пен Керей хан Сырдария жағалауларындағы өз ауылдарынан үдере көшіп, Моғол басқарушысы Есен-бұғының иелігіндегі Жетісу аймағына шоғырланған бойда (1460 жылы) Қазақ хандығын құрған. Ал ондағы тайпалар өзара бірігіп, өздерін еркін елдің өкілдері ретінде «қазақтар» деп атаған. Сол уақыттан бері көшпелі халықтар өздеріне «мен қазақ» атауын саналы түрде таңған. Ресей патшалығы тұсында Жоңғарияға жіберілген Иван Унковскийдің журналында (1722 жылы) қолында билігі бар кейбір қазақтар құжаттарға «қазақ» деп қол қойғаны туралы мәліметтер баршылық. Алайда ол уақытта қалың көпшілік Унковскидің жазғандарынан бейхабар болатын. Есесіне халықтар арасында голландық Никол Витзеннің кітабы танымал-тын. Ол кезде нидерландтық саяхатшы Петр І тапсырмасымен Ресей империясының оңтүстік бөлігінде орналасқан халықтар туралы мәліметтерді жинауы керек болған. Ол саяхатшы өзіне артылған міндеттемелерді толық орындауға шамасы жетпеген. Ол тіпті кейбір мәліметтерді бұрмалағаны кейін белгілі болған. Өзіне бейтаныс, ұшы-қиыры шексіз даланы аралауға жүрексінген ол бір жерге тұрақтап алып, ары-бері өткен шенеунік, саяхатшылар мен алып-сатарларды сөзге тарту арқылы шығыстағы көшпенді халықтар туралы мәліметтерді түртіп алып отырған. Атап өтерлігі сауалнама қатысқандардың кейбірі өздеріне қойылған сұрақтарға дәлме дәл жауап беріп отырса, енді бірі мүлде кереғар пікір келтірген. Осыны ескермеген Витзен қолда бар мәліметтерді сұрыптаудан өткізбестен жинағына енгізіп отырған. (жалғасы мұнда: [mtdi.kz](http://mtdi.kz/til-saiasaty/til-tynysy/4197-kazakh-nege-kirgiz-atalip-ketti))

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-nege-yr-yz-atalyp-ketti-435036](https://yvision.kz/kk/post/aza-nege-yr-yz-atalyp-ketti-435036)