---
title: "Қазақ неге райынан жаңылды?"
description: "Бүгінгі таңда қыздың арын өз намысынан биік қоятын жігіттеріміз азайды, Отан алдындағы, отбасы алды..."
author: "muratayagan"
published: "2012-10-02T09:44:07+00:00"
modified: "2012-10-02T09:45:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-nege-rayynan-zha-yldy-293723"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-nege-rayynan-zha-yldy-293723/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақ неге райынан жаңылды?

> Бүгінгі таңда қыздың арын өз намысынан биік қоятын жігіттеріміз азайды, Отан алдындағы, отбасы алды...

![Қазақ неге райынан жаңылды?](https://storage.yvision.kz/images/user/muratayagan/85EZ40BWazj9PHxt1AN6Vjwvs1TTgL.jpg)

Бүгінгі таңда қыздың арын өз намысынан биік қоятын жігіттеріміз азайды, Отан алдындағы, отбасы алдындағы, ар алдындағы жауапкершілігі мен міндеттерін сезінбейтін жігітсымақтар өз қарындастарын қуыршаққа айналдырды. Ал көрікті бойжеткен еріккеннің ермегі, кім көрінгеннің қолжаулығы болып, арын ақшаға айырбастау көбейіп барады. Оның соңы қайғы-қасірет, тастанды бала, түсік жасату...… Қаракөз қыздарымыздың өзегін жарып шыққан шаранасын еміреніп иіскемей, омырауына баспай, шырылдатып тастап кетуі – көз көріп, құлақ естіп жүрген қасіретке айналды. Тіпті, қоғамның осынау трагедиясына да етіміз үйреніп кеткендей. Бұл – құдайды ұмытқандардың ісі. Төрт аяқты мал екеш малдың өзі қозысын тастамай ииді. Шаранасын еміреніп емізеді. Сонда сана-сезімі хайуаннан артық деп жүрген адам баласының мал құрлы мейірімі болмағаны ма?!.

[Толығырақ...](http://saryarka-samaly.kz/component/content/article/198-zhaalytar/8179-aza-nege-rajynan-zhayldy)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-nege-rayynan-zha-yldy-293723](https://yvision.kz/kk/post/aza-nege-rayynan-zha-yldy-293723)